АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ АЛДАҒЫ ҮШ КҮНГЕ ЖАРИЯЛАНДЫ. HD

25.03.2022
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде елдің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын болады деген болжам жасады. "Скандинав аудандарынан келетін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады. Ал оңтүстік және орталық аудандар оңтүстік циклон ықпалында қалады. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын алып келеді", - делінген ақпаратта. Елдің солтүстігі мен батысында оған қоса боран, оңтүстігінде жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. 28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейеді.

Похожие видео

Показать еще