АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ 12-14 АҚПАН. HD

11.02.2022
Күн жылынады: Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері республикада Солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы жауын-шашынды болады. Циклон батыстан шығысқа қарай тез ығысып, республиканың барлық облысына жауын-шашын әкеледі. "Ауа температурасы көтеріле бастаса да, екпінді жел тұрып, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанып отыр. Көктем лебі әлі сезілмейді", - деп хабарлады Қазгидромет. Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Түнде -15, күндіз -4 градус суық. Алматыда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде +1, күндіз +3 градус жылы. Шымкентте де күн бұлтты, қар аралас жаңбыр күтілуде. Түнде +9, күндіз 0 градус.

Похожие видео

Показать еще