АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ 24-26 АҚПАНҒА АРНАЛҒАН. ҚАРАҢЫЗДАР HD
Мамандар 24-26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" деректеріне сүйенсек, еліміздің оңтүстігінде алдағы уақытта жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ. Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауады деп болжануда. Ал оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сионоптиктер болжамына сәйкес Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын (көбіне қар түрінде), төмен бұрқасын, 15-23 м/с дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде солтүстікте 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяз, ал батысында 0-10 градус аяз күтіледі.
Похожие видео
Показать еще