АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНА. ҚАРАҢЫЗДАР HD
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2021 жылғы желтоқсанға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Желтоқсан айында ауа температурасы ҚР оңтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде, еліміздің солтүстік жартысы мен батысында нормадан 1° жоғары. “Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп болып болжанады. Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын анықтайтын болады, алдымен батыста, содан кейін ҚР қалған аумағына ықпалын тигізеді, жауын-шашын күтіледі, көбінесе қар түрінде, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады”, – дейді синоптиктер.
Похожие видео
Показать еще