28 ГРАДУСҚА ДЕЙІН АЯЗ. АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ. HD

22.12.2021
28 градусқа дейін аяз болады: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер 23-25 желтоқсан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады. Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік-батыс циклоны Қазақстанға жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі. Алайда қазір батыстан антициклон жылжып келеді. Ол елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады. Республикамыздың оңтүстік облыстарына Өзбекстан аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Оның әсерінен жаңбыр жауады. Осылайша оңтүстікте желтоқсан айы үшін өте жоғары температура сақталады.

Похожие видео

Показать еще