15 жасқа дейінгі балалардың есту-сөйлеу процессорлары тегін ауыстырылады HD

16.09.2015
Осы жылдан бастап елімізде 15 жасқа дейінгі балалардың есту-сөйлеу процессорлары тегін ауыстырылатын болды. Алматыда алғаш рет 5 балаға жаңа технологиялы қондырғылар қойылды. Әрқайсысы 3 млн теңгеден асатын мұндай процессорлар бір жылдың көлемінде 150 балаға мемлекет есебінен тегін берілетін болды. Нұрзилә Дарханбаева, Кәусардың анасы -Кәусар 6 айлығында тұмаумен ауырып, құлақтары естімей қалды. Бізге нейросенсорлық мүкістік, құлақ мүкістігі 4-ші дәрежелі мүкістік деп қойып берді диагнозымызды. Содан кейін кохлеарлы имплантация отасы бойынша кезекке тұрып, мемлекеттік квотамен 2,5 жасында 2010 жылы бізге ота жасалды. Есту процессорларын әрбір 5 жылда ауыстырып отыру керек. Дегенмен елімізде мұндай қондырғымен 10 жылдап жүрген балалар бар. Осы уақытқа дейін есту-сөйлеу қабілеті бойынша 1200 балаға ота жасалған болса, оның ешбірінің процессорлары ауыстырылмаған. Марат Ахметқалиев, ҚР ДСЖӘДМ Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы директорының міндетін атқарушы -Биыл 2015 жылы бірінші рет бөлінген ақша бойынша, енді біздер Астана мен Алматы қаласы бойынша, осы жұмыстарды басқарып жүргізейін деп жатырмыз. Бөлінген қаржыға әрқайсысы 3 млн 700 мың теңге тұратын заманауи қондырғы алынады. Тіпті бүгін Алматыға әлемге әйгілі Австриялық компаниясының өкілдері келіп, отандық дәрігерлерге процессорларды ауыстыру әдістерін үйретті. «Бүгінде 16 баланың есту-сөйлеу процессорлары осындай жаңа қондырғыға тегін ауыстырылса, бір жылдың ішінде еліміз бойынша оған 150 баланың қол жеткізуіне мүмкіндік бар», – дейді дәрігерлер.

Похожие видео

Показать еще