Алматы емханалары халыққа жаппай вакцина салуды бастап кетті HD
Кеше Президенттен Денсаулық сақтау министрі қатаң ескерту естігінен кейін бе, бүгін Алматыдағы емханалар жұртқа жаппай екпе салуды бастап кетті. Тіпті, вакцинаны қаланың іргесіндегі көрші ауданның тұрғындарына да сала беруге дайынбыз дейді. Бір күнде 2-3 мың адамға "Спутник V" екпесін салуды көздеп отырмыз деген Сағынтаевтың айтқанын артығымен орындаған дәрігерлер, түс ауа 4 мың кісіге екпе салып тастадық деп отыр. Алматының емханаларына бүгін мұғалім, полиция мен медицина қызметкерлері және студенттер таңнан екпе салдыруға көптеп келіп жатты. Олармен бірге ондай арнайы санатқа кірмеген, қарапайым қала тұрғындары да вакцина салдыруға шақыртылған. Емхана мамандары екпені әуелі созылмалы ауруы бар кісілер алып жатыр дейді. Барлығына "Спутник-V" вакцинасы егілуде. БЕКСҰЛТАН МАТАЕВ, Алматы қаласының тұрғыны: – Отбасымнан бірінші келіп отырмын өз еркіммен. Вакцина қалай әсер ететінін көргім келіп отыр. Содан кейін отбасы мүшелері вакцина алып қалатын шығар. СҰЛУ МҰСАЕВА АЛМАТЫ, Алматы қаласының тұрғыны: – Тәуекел қылып жатырмыз. Басқа енді жол жоқ қой. Келешекте біле жатармыз. Қазір қала бойынша күніне 2-3 мың адамға вакцина салып үлгеретін 55 екпе салу пункті жұмыс істеп тұр. Шаһар басшысы Бақытжан Сағытаев, вакциналау орындарын 250-ге дейін жеткізіп, күніне 8-9 мың адамға екпе саламыз дейді. Әкім әзірге бізге түскен 21 мың вакцинамен жұмыс істейміз деп отыр. БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, Алматы қаласының әкімі: – Бастапқыда квота бойынша 65 мың доза бердік, содан кейін мен премьер-министр Асқар Маминмен сөйлесіп, кем дегенде 100 мың доза қажет екенін айттым. Сәуір, мамыр, маусым үш айға ай сайын 250 мың доза квота бөлінеді. Яғни, үлкен партиямен екпе жеткізілгенде, қала тұрғындары вакцинаны сауда орталықтарына барып салдыра алатын болады дейді Сағынтаев. Әкім, бұған бірнеше күн дайындықтың керек екенін айтып отыр. Ал вакцинаны салдырар алдында птр-сынамасының нәтижесі қажет емес. Ковидтің орташа және ауыр түрімен науқастанып жазылғандар 6 айдан соң, жеңіл және симтомсыз түрімен ауырғандар екі айдан кейін екпе салдырса болады екен. Сондай-ақ, қалалық емханада тіркеуіңіз болмаса да, Алматыда екпе ала береді екенсіз. ЛАУРА МЫРЗАҒАЛИ, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық бақармасының өкілі: – Бұл вакцинаны онкология, аутоиммундық аурулар, қан диабеті, жүкті адамдарға, 18 жасқа дейінгі балаларға салуға болмайды. Соңғы тәулікте Қазақстанда 2 мыңнан астам адамнан ковид анықталған. Енді денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбіден бастап жаппай халыққа екпе жүргізу республиканың барлық өңірінде басталады деп отыр. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #вакцина #Алматы #СпутникV