Бағасы шарықтаған нанның өзін халық тұтынудан қалды HD
Қазақстанда нан өндірісі азайып, өнім бағасы өсіп барады. Нан әсіресе Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында қатты қымбаттаған. Сорақысы, баға шарықтаған сайын халық та нанды аз тұтына бастапты. Әйтсе де ауылшаруашылық министрлігі бұған биылғы қуаңшылық қатты әсер етпеді, өйткені шаруаларға барынша жағдай жасап отырмыз дейді. Дегенмен наубайханашылар ұннан бастап барлық шикізаттың бағасы бірнеше есе көтеріліп кетті деп дабыл қағады. Қазақстанда нан өндірісінің көлемі бес жылдан бері азайып келеді. EnergyProm сарапшыларының дерегі бойынша, соңғы сегіз айда 353 тонна нан өндірілген. Ал бұл былтырғы жылмен салыстырғанда халық ең көп тұтынатын өнім бірден 18 пайызға кем өндірілді деген сөз. Ал, елімізде ең көп нан өнідірген аймақ Түркістан облысы. Мұнда осы жылы 89 мың тонна нан шығарылған. Осы өнімді өндіруден екінші орында Алматы облысы тұр. Өңірде биыл 41 мың тоннадан аса нан шыққан. Одан соң Ақтөбеде 34 мың тонна нан өндірілген. Алайда нанның бағасы күнен-күнге шарықтап барады. Биыл қара бидай ұнынан жасалған нан 9,9 пайызға, жоғары сұрыпты ұннан пісірілген нан 7,8 пайызға, ал бірінші сұрыпты ұнның наны 5 пайызға дейін қымбаттапты. Нанға сұраныстың төмендегенін қарапайым тұрғындар да растайды. Олар ас атасын аз тұтынуды қымбатшылықпен және жалақының өте аздығымен байланыстырады. Наубайханашылар күнделікті тұтынатын әлеуметтік нан бағасын көтере алмаймыз. Сондықтан, басқа нан түрлерінің құнын көтеріп сатып жатырмыз дейді. Алайда қазір өздеріне де жұмыс істеу мүмкін болмай бара жатқанын айтады. Айтуларынша шикізаттың бірнеше есеге дейін қымбаттап кеткен. ЕСКЕНДІР МҰРАТОВ, наубайхана басшысы: – Міне көріп тұрсыздар қойма босап жатыр. Барлығы қымбаттап кеткен. Біз табыс таппайтын болдық. Шығынға батып жатырмыз. Нанды қымбаттатсақ, сұраныс бірден азайып кетеді. Қазіргі кезде барлық өңірде наның бағасына бақылау болмай тұр. Әсіресе солтүстік аймақтарда баға қатты өскен. Мәселен күнделікті тұтынатын бөлке нанның еліміздегі ең қымбаты 150 теңгеден Петропавл қаласында сатылып жатыр. Антимонополия мамандары бұл баға жыл соңына дейін әлі де өсетінін айтып отыр. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық
Похожие видео
Показать еще