Доллардың күннен-күнге қымбаттауы Қазақстандағы көлік бағасына да кері әсерін тигізіп жатыр HD
Доллардың күннен-күнге қымбаттауы Қазақстандағы көлік бағасына да кері әсерін тигізіп жатыр. Айналдырған алты күнде жаңа көліктерге 500-600 мың теңге қосылған. Жүрілген машиналардың да құны мәз емес. Бағасы 400-500 мың теңгеге шарықтап шыға келді. Сарапшылар осыдан екі жыл бұрынғы нарықтың қазір күрт құбылғанын жасырмайды. Мәселен, автосалондардағы жаңа көліктердің бағасы бүгінде 5-6 милллион теңгеге қымбаттаса, ескі автомобильдер тіпті 2 есеге өскен. Жаңа көлік мінгісі келген Тұрар Алтынбек 10 миллион теңгесін алып, жапондық брендтегі немесе Ресейде құрастырылған кроссовер іздеп автосалонға келген. Бірақ онсыз да темір тұлпардың тең жарты құнын несиеге рәсімдеймін деген азаматтың машинаның тағы да қымбаттағанын көріп, көңілі су сепкендей басылған. Долларға сатып әкелінген көліктің бағасын теңгеге шаққанда қомақты қаражат қосып төлейтінін сезген ол, енді тәуекелге бел байламасқа амал жоқ деп отыр. ТҰРАР АЛТЫНБЕКҰЛЫ, Шымкент қаласының тұрғыны: – Машинаның бағасы қымбаттапты, доллардың көтерілгеніне байланысты. 400-500 мыңға. Ол біздің қарапайым халыққа қалтадан ұрып жатыр. Қазір кредитті көреміз, жетпегінін кредитпен ұрамыз енді. Басқа амал жоқ. Көлік сатушы менеджерлер жаңа машиналардың бағасының бұлай күрт көтерілуіне, автоөндірушілердің қазіргі нарыққа қарай аспандатуы себеп дейді. Доллардың қымбаттауы да жығылғанға жұдырық болып отырғанын жасырмайды. Шетелден АҚШ валютасына сатып алынып, мұнда құнсызданған теңгемен есеп айырысатын халыққа бұл жағдай айтарлықтай ауыр тиіп отыр дейді мамандар. СӘБИТ ЕГЕМБАЕВ, автосалон аға менеджері: – Бізге автокөліктер сырттан келеді. Ресей мемлекеті, Жапониядан. Сондықтан ол жақта осы жылдың басынан бастап, бағасы көтерілді. Ол бір. Екінші, біз автокөліктерді долларға сатып алатын болғандықтан, қазіргі курс тұрақсыз болғандықтан, бізде бағалар қымбаттап жатыр. Жүрілген көлік сататын автосалондардағы баға да оңып тұрған жоқ. Кедендік рәсімдеу, тасымал құны болмаса да, бағасы жаңа машиналармен пара-пар көтерілген. Сарапшылар бұны ішкі нарықтағы сұраныспен байланыстырады. Көлік құнының қымбаттауынан сатып алушылардың да қатары сирей бастаған. Оның өзінде басым бөлігі несиеге рәсімдейді деп отыр. ХУРШИД РАИМОВ, автосарапшы: – Біріншіден, ол біздің запчастьтардың қымбаттауы. Екіншіден, біздің өзіміздің рыноктағы жаңа автокөліктердің бағалары қымбаттауынан өзіміздің вторичный рынок бағалары тоже қымбаттап жатыр. Мысалы, 12-13 миллион тұратын машиналар қазір 15 миллион болып кеткен даже. Автосарапшылар доллар құны шарықтаған сайын, темір тұлпар бағасы да көтеріле беретінін айтады. Көлік бағасына әзірге утиль алымның 50 пайызға арзандатылғаны да әсер етпей отыр. Өйткені жаңа көліктерге қатысты алымның шарапаты тек мамыр айында ғана сезілуі мүмкін, ал жүрілген көліктердің құны сұранысқа тікелей байланысты дейді сарапшылар. #Көлік #Қымбат #Қылмыс #Машина #Полиция #Алаяқ #Ақша . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation
Похожие видео
Показать еще