Бір түнге 216 мың теңге! Каспий жағасында демалу неге сонша қымбат? HD
Ақтауда тәуір қонақ үйлерде бір түн түнеу 85 мың теңгеден басталып, 216 мыңға дейін жетеді. Бірақ, соған қарамастан Каспийдің жағасында тынығуға ниетті туристер саны жыл санап артып келеді. Әсіресе биыл ресейлік саяхатшылар көбейген. Олардың сөзіне сенсек, Қазақстандағы демалыс қалтаға салмақ салмайды. Ал отандастарымыз керісінше пікірде. Жол шығынын есептемеген күннің өзінде мұнда демалу аса қымбат дейді. Туризм саласының мамандары да мұны растап отыр. Олар сұраныс артқан сайын, қызмет құны да көтерілгенін айтады. Ақтауға теңіз жағасына тынығуға келетін туристердің қатары жыл сайын артып келеді. Жаз басталысымен қонақ үйлерден бос орын табу мүмкін емес. Биыл Каспийдің жағасына демалуға Ресей азаматтарының көптеп келіп жатқаны да байқалады. Солардың бірі Мария Иванова. Саяхатшының айтуынша, мұндағы баға Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда арзан. МАРИЯ ИВАНОВА, Ресей азаматы: – Біз Ақтау туралы достарымыздан естідік. Сондықтан, Ресейден Ақтаудың табиғаты мен теңізін көру үшін саяхаттап келдік. Жалпы қонақ үй бағалары жазғы маусымға сәйкес, орташа деп ойлаймын. Ал Ресеймен салыстырғанда мұнда демалу әлдеқайда арзан. Бірақ, еліміздің басқа өңірінен келетін қонақтар Ақтауда демалудың өзі қалтаға салмақ салады дейді. Жол шығынын айтпағанның өзінде, пәтер жалдаудың өзі мұнда үлкен мәселе. Себебі, қымбат қонақ үйлерден орын бәріне тие бермейді. ЕРАСЫЛ ШАРАПИДЕНОВ, Атырау қаласының тұрғыны: – Жыл сайын келем өзім осы Ақтауға. Неше түрлі өзгерістерді байқап, дамып жатқан қала екені көрінеді. Бір айта кетсек жазғы уақытта осы сезонның кезінде квартира табу қиындап кетеді. + бағасы өсіп кетеді немесе табу қиындайды. Ал Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қонақ үй бағасын ешкім реттей алмайтынын айтады. Өйткені, баға сұранысқа қарай арнайы бағдарлама арқылы қойылады екен. Қымбатшылыққа қарамастан қазір де теңіз жағасындағы қонақ үйлерде бос орын жоқтың қасы. НҰРДӘУЛЕТ ҚИЛЫБАЙ, Ақтау қаласының әкімі: – Қазір сұраныс көп. Оны адам өзі отырып компьютерден регулировать етпейді ғой, реттемейді. Ол программаға қойып тастаған Букингке. Сол программамен кіреді. Егер сұраныс көп болса, орын азайған сайын баға қымбаттай береді. Кейбір отельдер мысалы 60 мыңға дейін кетіп қалды, үш нөмір алып өткенде сойылғанымыз бар. Ал дәл қазіргі бағаға келсек, бес жұлдызды қонақ үйде бір түнеу 85 мың теңгеден басталып 216 мың теңгеге дейін барады. Туристік агенттік мамандарының айтуынша, Ақтауға тур сатып алушылар саны көбейген. Және өзге елдерден келетін туристер нөпірі де артқан. Мұны байқаған кәсіпкерлер, қызмет құнын әдейі көтерген деп отыр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Ақтау #туризм #демалыс
Похожие видео
Показать еще