Суға кеткен 5 отбасыға 30 мың теңге берілген

05.05.2017
17 адамға 30 мың теңге. Махамбет ауылындағы Қырқынбаевтар әулетінің бала-шағалы 5 отбасына қалалық әкімдік 1 пәтер жалдап берді. Пәтерге 2 отбасы ғаны сыйды. Өзгесі туған-туыстарының үйінде тұра алмай, сыз басқан, құлаған үйлеріне қайта оралды. Балалар суық тиіп ауырып, үлкендерінің қан қысымы көтеріліп, күнара дәрігер шақырып отыр. Қырқынбаевтар әулеті Махамбет ауылына Темір ауданынан көшіп келген. 7 бала өсіріп, тәрбиелеген Гүлиса Қырқынбаева алғашында мына шағын сарайда тұрды. Күні бүгінге дейін осы жерді паналаған. Көктемгі су тасқыны кезінде сарайдың шатыры ортасына түсіп, ішіндегі киім-кешекті алу қауіпке айналды. Ал мына үлкен үйде 3 ағайынды жігіт бала-шағасымен тұрған. Қазір бәрі жан-жақта. Ал саман кірпіштен салынған үй құлағалы тұр. Бір қабырғасын жиһаздар, ортасын тек есіктер тіреп тұр. Қабырғалары опырылған. Бірге туған бес ұл бір аула ішіндегі екі үй мен бір сарайды мекендеп отыр. Асарлатып салған бір үй қирап қалса, сарай ортасына түскен. Ал өткен жылы ғана салынған мына үйдің ішін сыз басып, қолаңса иіс қолқаны қабады. Балалардың бәрі ауырып, алды екі апта ауруханаға жатып шықты. Үлкендерінің қан қысымы жиі көтеріледі. Бәрінен 4 айлық Айым Дулатбекқызына қиын. Таңдайы жоқ бала жиі жылайды. Ал анасы Гүлзина Құлынтай демікпе дертіне шалдыққан. Қырқынбаевтар отбасы бір аула ішіндегі екі үй мен бір сарайды бір адамның атына жаздырып қойған. Яғни, заң бойынша мүлік тек бір адамға тиесілі. Өзгелері есепте тұрғанымен, үйдің иесі емес. Тасқын су кезінде заң бойынша көмек берілсе, ағайындылардың бәрі далада қалады. Гүлиса Қырқынбаева жалғызбасты ана санатымен пәтер алсам дейді. Ал өзгелері қала іргесіндегі ауылдардан да жер берсе, сол жаққа баруға әзір отыр.

Похожие видео

Показать еще