Оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады?
Ақтөбелік ата-аналар балаларын жаңа оқу жылына дайындай бастады. Биыл кеңсе тауарлары мен мектеп формасына ата-аналар қанша қаражат жұмсауы мүмкін? Ата-аналардың айтуынша, баға ұшып тұр. Қала дүкендерінің бірінде қыз балаларға арналған мектеп формасының орташа бағасы 14 мыңнан жоғары. Мектеп киімінің үлгісі былтырғыдай, яғни жакет, белдемше мен галстук. Ал бастауыш сынып оқушыларына арналған осындай форма 10 мен 12 мың теңгенің арасы. Ұлдарға жакет пен галстук жеткілікті. Бастауыш сыныпта оқитын ер балалардың мұндай киімі 3500 теңге болса, жоғары сыныпта оқитын ер балалар үшін 5000 мың теңгеден. Кішкентай Қарақат биыл 2-сыныпқа барады. Ата-анасы оны мектепке әзірлеп жатыр. Форма былтырғы. Әйтсе де, қызға ақ жейде, аяқ киім, спорттық костюм, шұлық пен ақ бантиктер қажет. Мұның әрқайсысын анасы екеуден сатып алмақ. Мектеп формасын алмағанның өзінде, бастауыш сынып оқушысына шамамен 30 мың теңге ақша жұмсаған. Ал Анаргүл Ерқанатованың отбасында екі оқушы бар. Оларға жаңадан мектеп формасы, аяқ киім, мектеп құралдары да керек. Жұбайының жалғыз айлығына қарап отырған Анаргүл үшін бәрі қымбат. Екі баланың киім-кешегіне 80 мыңға жуық ақша жұмсаған. Қыз балаларға арналған ақ көйлектің бағасы 4000-нан асады, ұлдардың көйлегін 2500 теңгеге табуға болады. Қыз балаларға арналған шұлықтардың ең арзаны 1200 теңгеден болса, аяқ киімнің ең арзанын 6000 теңгеге алуға болады. Түркиялық спорт киімдері 8 мыңнан жоғары. Бішкектікі екі есе арзан. Рюкзактардың бағасы 6500 теңгеден басталады. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv