ШҚО: Белағаш ауылының тұрғындары су бағасының шарықтағанына шағымданды HD
Судың бағасы бірден 21 есеге қымбаттап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы біздің редакциямызға Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Белағаш ауылының тұрғындары хабарлады. Бұрын текше метріне 30 теңгеден төлеп келген халық көктемнен бері тарифтің 644 теңгеге шарықтағанын айтады. Қазір жұрт бау бақша егіп, мал ұстаудан қалды. Өйткені облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес субсидия тек ауызсуға төленеді, ал нормадан артық шығындар қымбат бағамен есептеледі. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще