Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді HD

21.07.2022
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. "Ашық диалог" форматында өткен жиынға 300-ге жуық адам келді. Олар әкімге толғантқан сауалдарын қойып, жауап алды. Тұрғындарды әсіресе коммуналдық мәселелер мазалайды екен. Мегаполис басшысы халықтың көкейіндегі түйткіл көп ұзамай шешіледі деді. Мәселен, 2023 жылы аудан тұрғындары түгелдей таза сумен қамтылады. Қаратаулық тұрғындар қала әкіміне көкейдегі сұрақтарын жаудырды бүгін. Бірі жол мен жарық мәселесін көтерсе, енді бірі емханадағы тиісті дәрігерлердің жоқтығына назар аударуды сұрады. Тұрғындардың айтуынша, ауданда балабақша мен мектеп жетіспейді. Сондықтан, Тұран-2 шағын ауданынан балалаларымызды шалғайдағы білім ошағына тасимыз деген ел, әкімнен оқушыларды тасымалдайтын автобустар көбейтуді өтінді. ГҮЛМИРА АЙТМЫРЗАЕВА, Шымкент қаласының тұрғыны: — Оқушылар таситын автобус қосып берсеңіз. Тасымалдау ақшасынан қашпаймыз, төлейміз көпбалалы болсақ та. Бізге балаларымыздың амандығы керек. Қаратау ауданында 250 мыңнан астам халық тұрады. Мұрат Әйтенов аудан тұрғындарының тұрмысын жоспарға сай түзейміз деді. Айтуынша, аудан халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету 90 пайызға дейін жетеді. Кәріз жүйесінің де құрылысы жүріп жатыр. Ал келер жылы тұрғындар 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады. Ол үшін магистральды су құбырлары тартылып жатыр. Сондай-ақ, әкім аудандағы қауіпсіздік мәселесіне ден қоямыз деді. МҰРАТ ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі: — Қоғамдық қауіпсіздікке қатты көңіл бөліп отырмыз. Өткен жылы біз енді бірден үлкен қаражат бөліп, 3177 жалпы бейнебақылауды қаламызға сатып алып тіркедік. Ол 2 бағытта жұмыс істейді. Біреуі қаламыздың қауіпсіздігін бақылайды. Екіншісі жол қауіпсіздігін бақылайды. Осы бейнебақылаулардың нәтижесінде қаламыздағы қылмыс 18,8 пайызға төмендеді. Ол үлкен жетістік. Әкім жыл басынан бері Қаратауда 63 кездесу өткізген. Халықтан 328 сұрақ түсіп, оның тең жартысы шешімін тапқан. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Информбюро #Ақиқатын_Айтайық #ИнформбюроЖаңалықтары #БүгінгіЖаңалықтар #БастыЖаңалықтар

Похожие видео

Показать еще