Ғимараттардың төбесін ойын алаңына айналдырған жеткіншектерге тосқауыл бар ма? HD
Ойнайтын алаң, бос уақытын өткізетін жер болмаса балалар басқа қайда барады деген сұрақ туады мұндайда?! Қарағандыда да бос тұрған ғимараттардың төбесіне жиналатын жеткіншектердің әрекеті ата-аналарды алаңдатып отыр. Баласын қанша бақылауда ұстаса да қолы босаған жасөспірімдер қаңыраған ғимараттарда асыр салғанға асығады. Сорақысы, шенеуніктер бұл үйді ең құрығанда қоршауға алуға да асықпайды екен. Ал өңірде дәл осындай 68 апатты үй бар. Осыдан он жыл бұрын құрылысы басталып, аяқталмаған мына иесіз үй ата-атаналарды алаңдатып отыр. Аулада балалар алаңқайы болмағандықтан, балалар осы қаңыраған үйді қызық көреді. Үйдің жоғары қабатына шығып, қаланың көрінісін тамашалайды екен. ДАРХАН ТҰРСЫНОВ, ата-ана: – Күнде ойнайды, күнде айтып шаршадық. Қуамыз. Ұқпайды кішкентай балалар. Басқа жақтан келеді үстіне шығып алады жүгіреді. Сол бірнәрсе істеу керек. Енді білмеймін күнде балалар шығады, жүгіреді. Жабу керек, қоршау керек бірнәрсе табу керек. Звондайсың, шақырасың милицияларды олар келеді, бәрі қашып кетеді. АЙГҮЛ СОВЕТ, ата-ана: – Кеше ұлым есік алдында жүрген көрші баламен кіріп кетіпті. Содан кейін бала ғой түсінбейді ғой. Осыны қоршап қойғаны дұрыс болатын еді. Бұл жерде тек қана менің балам емес, басқа жақтан келеді, орыстың балалары подростоктар жан-жақтан келіп ойнайды. Үстінгі этажында жүреді ғой. Балалардың көріністі тамашалағаны аздай, жоғары қабаттан тас лақтырып та ойнайды. Тұрғындар тіпті үйдің маңынан жүруге де қорқатындарын айтады. МАРЖАН ЖҰМАНБЕКОВА, ата-ана: – Біздің двордың ойнап жүрген балаларына кірпіш лақтырады,тас лақтырады. Машина сындырды. Машинамның терезесін сындырды үш күн бұрын ба, төрт күн бұрын. Үстіңгі этаждан с девятого этажа по балкону прыгают. Ал әкімдік бұл үйдің құрылысын маусымда қайта бастайтындарын айтады. Сондай-ақ, келесі айдан бастап қоршауға аламақ екен. ШЫҢҒЫС БӘКІРОВ, Қарағанды қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы: – Аталмыш тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізілуде. Конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін құрылыс алаңын қоршауды орнататын және құрылысты аяқтайтын мердігер ұйым анықталатын болады. Он жыл бұрын бұл үйдің құрылысына 398 миллион теңге қазынадан құйылған. Миллиондар ұшты, құрылыс тұралады. Енді маусымда құрылысты аяқтауға бюджеттен тағы да 990 миллион қарастырылыпты. Диана Сапарқызы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #шатырдағы_ойын #балалық #қауіпсіздік
Похожие видео
Показать еще