Еркек ұлды тәрбиелейді, әйел ұлтты тәрбиелейді.

05.02.2016
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді. Мұхтар Әуезов Ертегі тыңдап өспеген бала, толыққанды кісі бола алмайды. Ертегіде халықтың жаны мен намысы бар. Бауыржан Момышұлы Бүкіл азаматтың келешегі – жас жеткіншектердің қандай идеял негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты. Ғабит Мүсірепов Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең сол шығады әрі мол шығады. Ғабиден Мұстафин Ертеде Шам елінің патшасы өзінің ұлына қалыңдық іздеп, халқына: «Кімде-кімнің 18 бен 20 жас аралығында Құран жаттаған қызы бар болса, сол үй бүгін түнде шамын өшірмесін, араларынан ұлыма сай жар таңдап алармын», – деп жар салады. Сол түні Шам жұртында бірде-бір шаңырақтың шамы сөнбеген екен. Осыны көріп таңғалған патша: «Енді кімде-кімнің 18 бен 20 жас аралығында Құран жаттап және оның тәпсірін меңгерген қызы бар болса, сол үйдің бүгін түнде шамы жанып тұрсын», – деп екінші мәрте жария етеді. Түнгі намазын оқып алып, патша баласы мен уәзірлерін ертіп сарайынан шығады. Жан-жағына қараса, күллі шаһар самаладай жарқырап тұр екен. Сонда патша ұлына қарап: «Балам, есіңде болсын. Еркек ұлды тәрбиелейді, әйел ұлтты тәрбиелейді. Біздің елдің әкелері мен шешелері қызына Құран жаттатып, Алланың сөзін бойына сіңіріп, өмірлік темірқазығына айналдыра алғанын көріп, қатты қуанып отырмын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағала бұл Құран арқылы қауымдарды жоғарылатады», – деген. Сол себепті енді мен ұлым үшін ғана емес, ұлтым үшін де уайымдамаймын», – деп көзіне жас алған екен. Әйел — бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді… https://www.youtube.com/channel/UCZ5H-_DBPCTPpTiGV2nNkTQ

Похожие видео

Показать еще