10 жыл құлдықта болып, өз туыстары үшін өлі саналған әйел әділдікке қол жеткізгісі келеді

08.07.2015
Ақтөбеде біреудің босағасында он жыл құлдықта болып, өз туыстары үшін өлі саналған әйел әділдікке қол жеткізгісі келеді. Айбарша Қазбаева өзін еркінен тыс, бір тиын төлемей жұмысқа салып қойған Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалығы басшыларының жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Бес ай бұрын ғана басына бостандық тиген ол енді ес жинап, қорғаушы алып, күресе бастаған.

Похожие видео

Показать еще