Қазақ отбасына келін болған қарағандылық әйел орыс тілін үйрену кезінде қиналғанын айтады
Жазылып кетіңіздер: Телеграм каналымыз: https://t.me/show_biznes_kz Инстаграм каналымыз: https://www.instagram.com/show_bizneskz/ Қарағанды облысының тумасы Надежда Рымбаева ауылды жерде туып өскен. Орыстардың отбасында дүниеге келсе де, бала кезден қазақша сөйлеп, қазақи дәстүрді біліп, бойына сіңірген. Оқу орнына түскенге дейін Надежда орыс тілін жақсы білмеген екен. Оқу оқып жүргенде де тіл білмегендіктен қиналғанын жасырмайды. Stan.kz тілшісі Надежда Ивановнамен сөйлесіп, өзге ұлт өкілдері не үшін қазақ тілін меңгеру керектігін сұрады. адежда Рымбаева – Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында 27 жылдық еңбек өтілі бар маман. Қазақ мектебінде технология пәнінен қазақша сабақ береді. Ұлты орыс болғанымен, болмысы қазақ. Өзімді қазақ ретінде сезінемін дейді ол, тіпті кейде орыс екенімді ұмытып кетемін дейді тағы. “Орыстардың отбасында Қарағанды облысы Егіндібұлақ Қоянды деген жерде дүниеге келдім. Тарихы мол, киелі жер. Қазақтардың ортасында өскен адаммын. Әке-шешем қазақ тілін білген жоқ. Жақсы түсінетін, бірақ еркін сөйлемеді. Ал, біз, балалары, түзде жүріп, ойнап келіп, үйде қазақша сөйлеп кететінбіз. Нағашы атам мен әжем орыс болса да, қазақ дәстүрін ұстанған кісілер. Нағашы атамның арғы аталары екі ғасыр бұрын Қазақстанға көшіп келген. Олар қазақтың дәстүрі мен салтына әбден сіңіскен. Енді біз қайда барамыз?” – дейді Надежда Ивановна. Орыс тілін білмей қиналдым Бір қызығы, кейіпкеріміз орыс сыныбында оқыған. Институтты да орыс тобында бітірген. Бірақ қазақ тілі деңгейі ана тілінен жақсы болғандықтан, оқуда қиналғанын жасырмайды. Орыс тілінде сөйлеу кезінде қиналған кездер болды дейді. “Дегенмен мектепте де қазақша сөйледік. Бірақ жазу, мәтіндерді орысша жаздық. Педогогикалық институтқа түскенде ойымды қазақша жеткізетінмін. Ал сабақтың бәрі орысша. Қатты қиналдым. Қазақша сөйлеу мен үшін оңай еді. Арада біраз уақыт өткен соң қалада барлығы орысша сөйлейді ғой, біз де үйреніп кеттік. Бастапқыда акцентпен сөйлейтінмін”, –деп есіне алады ол. Надежда Ивановна қазақ ауылына, қарапайым қазақ отбасына келін болып түскен. “Жолдасыммен ауылдаспыз. Мен мектепті бітірген соң ол әскерге кетті. Менен бес жас үлкен. Студенттік шақта бес жыл жүрдік, 32 жыл бірге тұрдық. Он жыл бұрын жолдасым көз жұмды. Ал ата-енем Қоянды ауылында тұрды. Енемнің көзі тірі, жасы 95-те. Шынымды айтсам, мен үшін қазақ отбасына келін болып түсу қиын болған жоқ. Себебі қазақтың салт-дәстүрімен біте қайнасып өстім, бәрін білдім деуге болады”, – дейді әйел. Сілтеме: https://stan.kz/kazak-otbasina-kelin-bolip-tustim-364916/?fbclid=IwAR2RRod4tJ444s1GJW_KDBGG7oMHl7928JqXJunI9oYmK1QWo2dL6dT9_2I шоу бизнес казахстан, шоу-бизнес, жұлдыздар, qazaqstan, шоу бизнес жулдыз, жулдыздар купиялары, жулдыздар ойбай шоу, мухит сапарбаев, шоу бизнес интрига, новости шоу бизнеса, последние новости шоу бизнеса, новости шоу бизнеса сегодня
Похожие видео
Показать еще