Өзбекстаннан келе жатқан бос вагонның ішінен 10 қап тасбақа табылды HD

17.09.2015
Өзбекстаннан контрабандалық жолмен өткізілмекші болған 10 қап тасбақа тәркіленді. «Сарыағаш темір жол стансасы» кеден бекетінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Өзбекстаннан келе жатқан вагондарды тексерген кезде 10 қап тасбақаны тапқан. Құжатта ол вагон бос деп көрсетілгенімен, сканер арқылы өткізген кезде, онда қандай да бір заттың бар екені анықталады. Вагонды ашқан кезде қаптардың ішінен 800 дана тасбақа шыққан. Бос теміржол вагоны көрші мемлекеттен Қазақстанға келе жатқан. Кеденшілер бұл жерде ветеринарлық-санитарлық нормалардың бұзылғанын айтады. Айдос Қадырбердиев, Облыстық кіріс департаменті, кеден бөлімінің жетекші маманы -Осы заңсыз өткізілген тасбақаларға тауардың ілеспе құжатының болмауына байланысты ҚР қолданыстағы заңына сәйкес Өзбекстан Республикасына кері қайтарылды.

Похожие видео

Показать еще