Қорғаныс министрлігі әскери зейнеткерлерді мәжбүрлі түрде қылмыскер қылғысы келе ме? HD
Алматыда 20 жылға жуық қорғаныс саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан азаматтар өздеріне тиесілі баспана 2014-ші жылдан бері толық салынып бітпей жатыр деп наразы. Тіпті, жаңа үйлердің тұрмыстық техникалары ұрланып бітетін болды дейді. Ал, қазір өздері тұрып жатқан әскери жатақхананы 15-ші сәуірге дейін босатулары керек екен. Амалы таусылған запастағы әскерилер құрылысы аяқталмаған пәтерлерге басып кірмекші. Бұл бес қабатты 4 үй әскери зейнеткерлерге арналып салынған екен. Тапсырыс беруші елімізідң қорғаныс министрлігі. Алайда, пәтерлер зейнеткерлерге әлі күнге дейін берілмей келеді. Кешеннің алдына жиналған 30-дан астам адам, мұндағы баспанаға басып кіруден басқа амал жол дейді. ҚАЙРАТ ЖҮНДІБАЕВ, Әскери зейнеткер: – Біз шықпаймыз. Самозахват дейді ғой. Өзіміз кіріп алдық. Өйткені министерство обороныйды күтіп-күтіп шаршадық. Міне кілтіміз. Мен өз басым трх комнатный алдым. Қалғандары двух, трех кімге қандай положено, сондай алды. 23 жасқа дейінгі баланы есептедік те өзіміз кіргіздік. Ешқандай остаточный стоимость төлемейміз. ӨМІР СЕРІКБЕКҰЛЫ, Тілші: – 4 гектар аумақта орналасқан 4 үйге 1 ғана күзетші қарайды екен. 10 бейнебақылау камерасы орнатылғанымен құрылыс материалдарын қолды қылып жатыр. тіпті құрылысы 100 пайыз аяқталған үйге кіріп, тұрмыстық техникаларын көтеріп әкетеді екен. Мұндағы әскери зейнеткерлер қазір қызметтік жатақханада, яғни, бұрынғы казармада тұрып жатыр. Енді, жылыту маусымы аяқталған соң ол жерден де шығарылатыны туралы хабар келіпті. Жалпы, осындай жағдайда Қазақстан бойынша 333 әскери зейнеткер өмір сүріп жатыр дейді жиналғандар. ІЗБАСАР АЙТАНОВ, Әскери зейнеткер: – Мына әскер қатарын көбейтеміз деп қайттан казарманы алмақ ойлары бар. Ертең оны казарманы алса мен үш баламмен, мына жерде тұрған басқа да әскери зейнеткерлер бар. Бұлар қайда барады? Отан үшін қызмет еттік деген запастағы әскерилер, өздеріне лайықты баспаналарын алсақ дейді. Ал, қорғаныс министрлігі аталған үйлер 2023-ші жылы қолданысқа берілетінін айтып, оған дейін зейнеткерлерді қазіргі тұрып жатқан үйлерінен ешкім шығаруға құқы жоқ екенін жеткізді. Енді, 300-ден астам бұрынғы қызметкерге күтуден басқа амал жоқ. Өмір Серікбекұлы, Думан Сүлейменов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #әскери_азаматтар #наразылық #баспана