Курчатов қаласы кеңейіп келеді HD
Курчатов қаласында 600 орынды мектептің құрылысы қарқынды жүруде. «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес бой көтеріп келе жатқан еңселі нысанды келесі жылдың күзіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Шаһар халқының саны да соңғы жылдары едәуір өскен. Ғылым мен қатар шағын және орта кәсіпкерлік те дамып келеді. Соңғы 5 жылда тұрғындар саны 2,5 мыңға көбейіп, қазір 12,5 мыңға жеткен. Қала халқы өскен сайын кәсіпкерлік деңгейінің де жоғарылағаны байқалады. Мәселен, Гүлзира Әубәкірова бұрын бос жатқан мына ғимаратты қайта қолға алып, сауда нүктесіне айналдырыпты. «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы кәсіпкерге кәдімгідей дем берген. Гүлзира Әубәкірова, кәсіпкер -Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, елімізде кәсіпкерлерге өте көп жақсылықтар көрсетіліп жатыр. Соның ортасында біз де несие алып, осындай дүкен аштық. Мұндай минимаркет Курчатовта бірінші рет салынды. Бағасын да тым қымбат қылмай қолайлы қылып етіп жатырмыз. Осының бәрі Үкіметтің арқасы. Несиені Үкімет 10% төлесе, 4% біз төлейміз. Мына сән салонының жұмысты бастағанына көп бола қоймаған жоқ. Нысанды қала тұрғыны Виктор Власенко өз қаражатына ашып, 5 адамға жұмыс тауып беріпті. Енді ол мемлекеттің көмегімен кәсібін тағы да кеңейткісі келеді. «Ең бастысы, елде тыныштық, қоғамда береке-бірлік бар. Енді тіршілік ету өзімізге байланысты», – дегенді алға тартады жергілікті кәсіпкерлер. Нұрбол Нұрғалиев, Курчатов қаласының әкімі -Дағдарысқа қарамастан әлеуметтік нысандарды салу бойынша қаражат қысқарған жоқ. Бүгінгі таңда 3 ауысымды мектептің мәселесін шешу үшін «100 қадам», «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша 600 орындық мектеп салынып жатыр. Өткен жазда Моно қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес шаһарда ойын алаңдары салынып, көшелер көркейген. 2 мектептің жылу жүйелері жөндеуден өтіпті. Ал мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектеп құрылысы келесі жылы күзде аяқталады деп жоспарланып отыр. Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы
Похожие видео
Показать еще