Аятжан Ахметжан. ҚАСҚЫРДЫҢ ДА БОЛАДЫ БІР ТҰРАҒЫ

21.02.2016
ҚАСҚЫРДЫҢ ДА БОЛАДЫ БІР ТҰРАҒЫ Түсінісу өмірдің теоремасы, Қазақтың аман болсын қара басы, Жайсыз сұрақ жанымды қажайды да, Жайлы әңгіме бақыттың баламасы. Әңгіменің легі еді қызу мерей, Ол сөйлесе дегендей мен үндемей, Бәріміз де қара сөздің иесі едік, Жөн тосып сөйлесетін дүрілдемей. Айтылды біреу жайлы сыбыс кеңес, Оны да бәрі толық біле бермес, Бір досым сұрап алды жарығым-ай, Жандардай тарихты көзі көрмес. Қазақ па?! Жоқ әлде оралман ба? Сұрап тұрса не деймін сол адамға? Ұяттан тірі өлерлік бір іс еді, Тарихтың тамшысын құрағанда. Оралман кім? Қазақтың баласы да, Туған жері байырғы қазақ даласы да, Сарпалдаңға салмаса тағдыр әкеп, Құласы да жоқ еді аласы да. Кей жақтағы қандастар бай тұрады, Қиындықсыз шешілер қай тұрағы, Өнерлінің өрісі кеңейіп те, Шабыттың шылбыры да тартылады. Десеңіз кейбір жандар сенбейді екен, Көңілінің көктемін бермейді екен, Бай тұрса бұл жақта несі бар деп, Тамаша өмір сол жақта көрмей ме екен?! Дегенде көкейіңнен мұң тұнады, Шешілмей шежіренің мың сұрағы, Құрсын шіркін, құрсын-ау, құрсын бәрі, Жылқы да өз мекенін аңсайды екен, Қасқырдың да болады бір тұрағы. Өлеңнің авторы: Аятжан Ахметжан. Түсірген: Алматы теларнасы

Похожие видео

Показать еще