Ұсақ шаруашылықтарды кооперацияға біріктіру үшін кей салық түрлері алынып тасталмақ HD
Бүгін Сенат депутаттары екінші оқылымда Мәжіліс қабылдаған «Салық салу және кедендік әкімшілендіру бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Бірақ оны қолдаушылар да, келіспейтіндер де бар. Елбасы заң жобасына қол қойса, алкоголь өнімдері мен темекінің және сыраның акцизі қымбаттайды. Ал ауыл шаруашылығы үшін біршама жеңілдік қарастырылған. Әбдез Рахманұлы, тілші -Заң жобасы салық салу әдісіне біраз жаңалық енгізеді. Алдымен акцизге қатысты тұсына тоқталсақ. Елімізде алкоголь өнімдеріне акциз 2014 жылдан бері өсіп келеді. Оған өндірушілер қарсы емес. Келесі жылдан акцизді алкоголь өнімдерінің литріне 2275, арғы жылы 2550 теңге төлейді. Ал темекінің мың данасына 2018 жылы акциз 7500 теңге, сосын 8700 теңге болады. Ал 1 литр сыра акцизі ендігі жылы 48 теңге, арғы жылы 57 теңгеге көтерілмек. Алкоголь өнімдерін шығаратын кәсіпорындар: «Ресей мен Беларуське импорттауда кедергі бар»,– дейді. Осы екі елмен бірге Кедендік одаққа мүше болғанымызбен, оларда акциз төлемі біздікінен әлдеқайда жоғары. Теңестіру керек, әйтпесе, екі елдің өнімдері нарығымызды жаулай береді. Ал заң біздің көрші елге сататын өніміміздің көлемін арттыруға ықпал етеді. Қайрат Ищанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты -Заң жобасының тиімді тағы бір тұсы бизнестің, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенінің іскерлігін сақтауға, жұмыс істемейтін несиелер деңгейін төмендетуге және банктерді ел экономикасын белсендіруге жағдай туғызады. Ауыл шаруашылығына қатысты жақсы жаңалық бар. Ұсақ шаруашылықтарды кооперацияға біріктіруді ынталандыру үшін кей салық түрлері алынып тасталады. Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы кейбір жағдайларға қосымша құн салығы өзгертілді. Бұл – ауылды жерде шаруашылық жүргізуді жеңілдетіп, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған іс. Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі -Бизнеске салықтық және әкімшілік жүктемені болдырмау мақсатында қолданыстағы құн салығы бойынша есепке қою үшін ең төменгі шектеу мәнді 30 мың айлық көрсеткіш енгізілмек. 2017 жылды қоса алғанда одан әрі кезең-кезеңімен 2020 жылға дейін 15 мың есептік көрсеткішке дейін төмендете отырып, сақтау ұсынылады. Әлемдік дағдарыс сақталып тұрғанда үкіметтің экономикамызға қажет реттеулерді батыл жүргізіп отырғаны екі жағдайды білдіреді. Біріншіден, жоспарын бір-екі жылға ғана емес, біраз жыл алға ойластырып отырғаны. Екіншіден, экономикада өсім байқалмаса, мұндай қадам жасамас еді.
Похожие видео
Показать еще