Шахерезада. Мың бір түн. Айтылмаған әңгімелер - Бөлім 2- Тәуіптердің тәуібі - Жаңа мультфильмдер HD

03.12.2019
#Мыңбіртүн#Айтылмағанәңгімелер#Шахерезада#Тәуіптердіңтәуібі Бөлім 2 - Тәуіптердің тәуібі Халил-жын Шахризада мен Кәрімді шөл даладағы ежелгі ғибадатханаға апарады, онда олар сарай күзетшісінен жасырынады. Кейінірек, Шахризада түн жамылып, жасырын сарайға келіп, әкесінің құпия қолжазбасынан Кәрімді емдеудің жолын іздейді. Алайда, оны көрген Дуньязада сиқырды кері қайтаратын құпияны жасырмақ болып, қолжазбаларды өртеп жібереді. Тек қолжазбаның бір шеті ғана аман қалып, онда "Дубан тәуіп" деген жазу бар еді. Тәуіп іздеп кейіпкерлеріміз Шынылы қалашыққа қарай беттейді. Олар тәуіп Дубанды тауып алады. Оның тек басы ғана аман қалыпты. Тәуіп оларға Кәрімді тек Өмір ағашы ғана емдей алатынын, бірақ сол ағашты табу үшін алдымен Харуна Халидтің Сиқырлы шамын табу керектігін айтты. Дубанның үйінде Дуньязада өзінің екі кішкентай құжыбықтарымен оларға шабуыл жасайды. Алайда, Дубанның көмегімен біздің достарымыз қашып құтылады. Шахризада есімді ержүрек бикештің мақсаты – досы Кәрімге өзіне тиесілі тақты қайтарып алуға көмектесу. Кәрімді тақтан туған ағасы түсіріп, зұлым сиқыр күшімен көк құбыжыққа айналдырып тастаған екен. Шахризада мен оның досы енді Алтын қаладан кетіп, шахзадаға адам кейпін қайтарып бере алатын сиқырлы Тіршілік ағашын іздеп табуға мәжбүр. Екі достың жолдары сұлтандар, жындар және басқа да мифтік тіршілік иелері мекендейтін ғажайып елдер мен тылсым аралдардан өтеді. Жолай Шахризада мен Кәрім араб ертегілерінің кейіпкерлері Аладдинді, Синдбад пен Али-бабаны кездестіреді. Осы қиын саяхатта Халіл есімді жынмен танысып, достасады. Ол балаларға сенімді серік болып, кейде ақыл да айтып тұрады. Сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/yzjEtahBSa8 Біздің арнаға жазылыңыздар: https://www.youtube.com/channel/UC9S_OcBD0YweWSfgnwk1hOA/

Похожие видео

Показать еще