Шахерезада. Мың бір түн.Айтылмаған әңгімелер -Бөлім 7- Ескі шамды жаңасына айырбастау -Мультфильмдер HD

27.01.2020
#Мыңбіртүн#Айтылмағанәңгімелер#Шахерезада#Ескішамдыжаңасынаайырбастау Бөлім 7- Ескі шамды жаңасына айырбастау Тәуіп Дубан Шахризада мен Кәрімге оларға тек кеме ғана емес, сонымен бірге дауыл тосқауылынан өту үшін тәжірибелі капитан керек екенін ескертеді. Бірақ оларға қандай капитан керек екенін тек Зумуруд айта алады. Сондықтан олар Аладдин мен Сиқырлы шамды табу үшін Шынылы қалашыққа оралады. Шахризада Аладдин мен Джинан ханшайым екеуі ұрсысып жатқан кезге түседі. Аладдин байқаусызда шамды бөлмеде тастап кетеді. Көп ұзамай кәрі әйелдің кейпінде Дуньязада келеді. Ол Джинанды Сиқырлы шамды басқа, түкке тұрғысыз шамға ауыстыруға көндіруге тырысады. Шахризада мен Аладдин дәл уақытында келіп, Дуньязада мен оның жын-перілеріне тойтарыс беріп, олардың Сиқырлы шамды иемденуіне кедергі жасайды. Соңында Зумурруд оларға атақты Сандыбат теңізшіні керек екенін айтады. Шахризада есімді ержүрек бикештің мақсаты – досы Кәрімге өзіне тиесілі тақты қайтарып алуға көмектесу. Кәрімді тақтан туған ағасы түсіріп, зұлым сиқыр күшімен көк құбыжыққа айналдырып тастаған екен. Шахризада мен оның досы енді Алтын қаладан кетіп, шахзадаға адам кейпін қайтарып бере алатын сиқырлы Тіршілік ағашын іздеп табуға мәжбүр. Екі достың жолдары сұлтандар, жындар және басқа да мифтік тіршілік иелері мекендейтін ғажайып елдер мен тылсым аралдардан өтеді. Жолай Шахризада мен Кәрім араб ертегілерінің кейіпкерлері Аладдинді, Синдбад пен Али-бабаны кездестіреді. Осы қиын саяхатта Халіл есімді жынмен танысып, достасады. Ол балаларға сенімді серік болып, кейде ақыл да айтып тұрады. Сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/Mf0zhs-uvk4 Біздің арнаға жазылыңыздар: https://www.youtube.com/channel/UC9S_OcBD0YweWSfgnwk1hOA/

Похожие видео

Показать еще