Аягөз қаласы көркейіп келеді HD
Аягөз қаласында Қабанбай батыр көшесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып келеді. Осылайша талай жылдардан бері тұрғындарды мазалап келе жатқан мәселе оң шешімін тапты. Ұзындығы 4 шақырымнан асатын көшеге асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолағы салынды. Жарық тартылып, 4 қиылысқа бағдаршамдар орнатылды. Бұл мақсатқа «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы арқылы 385 миллион теңге бөлінген. Бұдан бөлек жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға үш көше жөнделіп, 5 көшеге жарық тартылды. Қала бойынша жарықтандыру желілерінің 60 пайызы үнемдеуші шамдарға ауыстырылған. Күлшара Жағыпарқызы, Аягөз қаласының тұрғыны: – Немерелеріміз сабақтан қайтқан кезде қараңғыда қалып, кешкі 6-7-8-де қайтады. Сол кезде қорқып отыратынбыз, қазір міне көшемізге жарық орнады. Тасжол салып жатыр, келешекте тротуар саламыз дейді, бұрынғыдан көп жақсарды.
Похожие видео
Показать еще