Қырғызстан Республикасы ресми түрде ЕАЭО-ның толық мүшесі атанды HD
Осыдан бірер сағат бұрын ғана қазақ-қырғыз шекаралық аймағында барлық кедендік өткізу кедергілері алынып тасталды. Бұл туралы Қырғыз еліне жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен өткен телекөпір кезінде мәлім болды. Жарты жыл ішінде бұл шекарадағы халық ағыны 7 млн-ға жетіпті. Осыған дейін кедендік декларация толтырып қауырт жұмыс жасап келген 7 бекет жұмысын тоқтатты. Шекарадағы кедендік бақылау учаскелерін алып тастау рәсімін екі елдің басшылары Ыстықкөл жағасындағы Шыңғыс Айтматов атындағы «Рух Ордо» мәдени орталығынан бақылады. Қазақ-қырғыз шекарасында Қырғызстанның премьер-министрі Темір Сәриев пен Қазақстан Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев барлық атқарылған іс жайлы баяндады. Кедендік кедергілер алынған соң, алғашқы жүк легі өткізілді. Енді екі елмен арадағы әрі-бері алыс-беріс те, сауда-саттық та одан сайын арта түсетіні сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев интеграциялық ұйымның шекарасы кеңейіп, Қырғыз елінің де Еуразиялық экономикалық одаққа толыққанды мүше болғанымен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті -Бірнеше жылдан бері қырғыз елі біздің Еуразиялық одаққа кіру үшін үлкен шаралар жасады. Қазақстан әр уақытта да қолдап отырды, көмектесіп отырды. Осының арқасында осы шаруаның біткенін айтып отырмыз. Жалпы туысқан екі елдің арасында ешқандай шекаралық кеден, бөгет болмау керек. Екі елдің арасында қарым-қатынас, сауда-саттық бұдан да жоғары болуы керек деп ойлаймын. Мынау қасиетті Ыстықкөлдің жағасында айтқан сөзіміз Алланың құлағына жетсін. Екі елдің ынтымағы, бірлігі одан әрі жалғаса берсін.
Похожие видео
Показать еще