Орталық Азия елдерінің басшылары Өзбекстан жылының ашылуына арналған гала-концертке қатысты

15.03.2018
Астанада еліміздегі Өзбекстан Республикасы жылының ресми түрде ашылуына арналған гала-концерт басталды. Салтанатты кешке мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Орталық Азия елдерінің жетекшілері қатысып жатыр. Жиында сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда қазақ-өзбек байланысының одан әрі нығая түскенін айтты. Сонымен қатар Елбасы ресми Астана мен Ташкенттің қазір болып жатқан көптеген халықаралық жағдайларға деген көзқарасының бір екенін жеткізді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы достық байланыстың дамуына зор үлес қосқаны үшін Шавкат Мирзиёевті бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео