2019 - Жастар жылына арналған «Ұлы даланың жалынды жастары!» атты флешмоб HD

20.04.2019
Мақтаарал аграрлық колледжінде 2019 – «Жастар жылына» орай Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын насихаттау, оқушыларға Жастар жылының мән-мағынасы туралы ақпарат бере отырып, бүгінгі уақыт талабына сай, рухани бай, білімді тұлға қалыптастыру және жастарды Отанын, туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болуға, ауызбіршілікке тәрбиелеу мақсатында «Ұлы даланың жалынды жастары!» тақырыбында флешмоб өткізілді. Шараға ауданның Құрметті азаматы Пердеш Есенбеков, джиу-джитсудан өткен IV Азия чемпионатының чемпионы Төлеген Атақұлов, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Сүндет Кенжебаев пен коледж ата-аналары қатысып Тәуелсіздіктің туын биік көтерген жастарға ақ тілектерін айтып, колледж ұжымына алғыс білдірді. Жастарға жалынды рух беретін ұрандар айтылып, ұстаздар мен жастар жалпы би билеп, ән шырқады. Шара кешке жалғасын тауып жарықпен безендірілген Жастар жылының логотипі алаңның ортасына қойылып, айналасына тұрған жастар «LED фонарик» қосымшасы арқылы аспандағы жұлдыздардың жымыңдаған көрінісін салды. Бұл шара жастарға мәңгілік елмен бірге жарқын болашаққа бірге батыл қадам жасауға ерекше рух беріп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісін паш етті.

Похожие видео