НАУРЫЗ / NAURYZ - 2019 HD
13.04.2019. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық Наурыз мерекесі тойлануда. Орасан зор шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық мерейтойына және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыруға арналған. Салтанатты мерекелік шара сағат 10.00-де дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшыларының, көрнекті қоғам қайраткерлері мен ҚазҰУ ғалымдары мен студенттерінің қатысуымен алма бағы отырғызудан басталды. Сағат 11.00-де Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдындағы "Әл-Фараби" алаңында университеттің ART-орталығы дайындаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты музыкалық-театрландырылған қойылым өтті. Бағдарламада қазақ даласының ұлы жетістіктері: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия және аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы, Қазақстан Түркі әлемінің бесігі ретінде – ұлы ойшылдар мен ғалымдардың, алма мен қызғалдақтың отаны екені және қазақ мәдениетінің дәстүрлері көрсетілді. Кампус аумағында 25 киіз үйден тұратын этноауыл бой түзеп, іші асқа толы болды. Мереке қонақтары мен қатысушылары ұлттық тағамдар мен дәстүрлі наурыз көжеден дәм татып, алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға қатысып, қазақтың салт - дәстүрлері – «Тұсау кесу», «Шашу», «Қыз ұзату» және басқа да ойындарды тамашалауда. Сонымен қатар, кітап жәрмеңкесі, мерекелік сауда және қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары көрсетілуде. Алма бағын отырғызу – «Технопарк» аумағында орын алды. Ал, музыкалық-театрландырылған қойылым ""Әл-Фараби" алаңында өтуде. ҚазҰУ-да өткен Наурыз мейрамының толық телевизиялық нұсқасын алдағы уақытта арнамыздан көретін боласыздар. "Әл-Фараби" арнасына жазылуды ұмытпаңыздар. #Nauryz2019 #AlFarabiUniversity #TRCKazNU
Похожие видео
Показать еще