Орталық Азия мемлекеттері басшыларының келесі кездесуі Өзбекстанда өтеді

15.03.2018
Келер жылы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алқалы жиыны Өзбекстанда өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы Мемлекет басшыларының кездесуінде айтылды. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Меджлис төрайымы Акджа НурбердЫева ханым қатысты. Ал, басқосу соңында қазақ көшбасшысы журналистерге баспасөз конференциясын өткізіп, шуақты Наурыз мерекесін орай Орталық Азия президенттерінің бірлескен мәлімдемесін тілге тиек етті. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары халықаралық саммиттер мен алқалы жиындарда тұрақты түрде кездесіп тұрады. Бірақ, нақты аймақтағы мәселелерді тақылайтын мұндай басқосу күнде бола бермейді. Сондықтан бұл жиын тек отандық қана емес шетелдік ақпарат құралдарының да басты назарында. Журналистер президенттердің әрбір сөзіне құлақ түрсе, телеоператорлар әрбір сәтті қалт жібермей түсіріп әлек. Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан Президенттердің Ақордаға арнайы келгеніне қарап бұл жиынның салмағын аңғаруға болады. Орталық Азия көшбасшылары соңғы рет осыдан 9 жыл бұрын кездескен болатын. Міне бүгін араға жылдар салып, шығыс халқына ортақ әз-Наурыз қарсаңында қазақ жерінде бас қосты. Елбасы әріптестерін құшақ жая қарсы алып, алдымен Қырғыз басшысымен екеуара кездесті Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео