Елордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтіп жатыр
Ақордада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бас қосып, жұмыс кездесуін өткізіп жатыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері, сондай-ақ Түрікменстан меджлисінің төрайымы қатысуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясына алғаш болып, Сооронбай Жээнбеков пен Шавкат Мирзиёев келді. Артынша Эмомали Рахмон мен Акджа Нұрбердыеваға да Ақордада құрмет көрсетілді. Бес елдің басшылары экономика, сауда, инфрақұрылым мен логистика мәселелерін пысықтайды. Айтып кету керек, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының ресми емес кездесуін өткізу туралы идеяны Өзбекстан Президенті былтыр қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының 72-сессиясында айтты. Шавкат Мирзиёев сол басқосуда өңірде саяси сенім артып, біраз мәселенің шешімі табылғанын мәлімдеген. Ал кейін Нұрсұлтан Назарбаев өзбек әріптесінің бастамасын қолдап, кездесуді Астанада өткізуді ұсынды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Самарқанд қаласында өткен Орталық Азиядағы проблемаларға арналған халықаралық конференцияда жариялаған болатын. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24