Қазақстаннан көшіп барып, Ресей азаматтығын алғандар да әскер қатарына шақырылуы мүмкін HD
Қазақстанда туып, бірақ соңғы он жылдан бері Ресей азаматтығын алғандар да әскер қатарына шақырылуы мүмкін. Ал егер қызметтен қашатын болса, оларды азаматтықтан айыру ұсынылды. Ресей Президенті жанындағы азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі Кирилл Кабанов осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, Қазақстаннан көшіп келгеніне көп болмаған Ресей азаматтары міндетті түрде әскерге шақыртылуы керек. Ол бұл ереже бұдан басқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты Орталық Азия мемлекеттерінен көшіп келген азаматтарға қатысты дейді. Әскерге шақыртудан бас тартатын болса, өздерімен қоса олардың отбасыларын да азаматтықтан айыру керек деп отыр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
Похожие видео
Показать еще