Күн көру мүмкін емес! Мүгедек жандар 69 мың теңгелік жәрдемақыны көтеруді талап етті HD

13.07.2022
Түркістан облысының Кентау қаласында бірінші топтағы мүгедек жандар қордаланған мәселелерін билікке естірту үшін жиналып көшеге шықты. Қаланың үлкен торабында жиналғандар, мемлекеттен төленетін 69 мың жәрдемақыны көтеруді талап етті. Айтуларынша, қазіргі қымбатшылықта мұндай жәрдемақыға күн көру мүмкін емес. Ал қоғамдық жұмыстар үшін төленіп келген 85 мың теңге керісінше қысқарып, 55 мың теңге болып қалған. Бұл бағаның шарықтап отырған шағында бізге ауыр соққы дейді жиналғандар. Тағдырдың тауқыметінен бірі арбаға таңылса, енді бірі зағип хәлге түскен бірінші топтағы мүгедек жандар ең алдымен мемлекеттен төленетін жәрдемақыны өсіру керек дейді. Көбі жәрдемақыға күнкөріс қиындаған соң, қоғамдық жұмыстарға тартылғандарын айтады. Алайда оның да қаржысы қысқартуға түсіпті. Қымбатшылық қысқандықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың бір бөлігі қоқыс теруге мәжбүр болдық дейді. ДАСТАН ОРЫНБАСАРОВ, 1-топтағы мүгедек: – Қалада қазір қоқыс жәшігін ақтарып кетті нан іздеп халық. Бұл қымбатшылық бізге мына жерімізден келіп тұр. Бірінші топтағы мүгедектердің айлығын 100 мыңға көтерсін. Екінші топтағы 85 тен 90 мыңға дейін көтерсін. Үшінші топты 70-80 мыңға дейін көтерсін. Мынау жеке көмекшіге статусын беріп, олардың айлығын 150 мыңға көтерсін. ДҮЙСЕНӘЛІ ЖҮСІПОВ, 1-топтағы мүгедек: – Бұрын 85 мың теңге тұғын. Қазір 40 мың. Одан тағы нелерді ұстайды, мына зейнетақы жарнасын, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер. Шынын айтса, бір кабинетте кондиционер астында 400-500 мың теңге алады. Бұлардыкі 40. Енді жетпегені осы қарапайым халық пен мүгедектердің ақшасына жармасу болды ма? Жиналғандардың қала бойынша қызмет ететін бір ғана инва такси қызметіне де көңілі толмайды. Оның үстіне жеке қараушымызға күніне 8 сағатқа төленуі керек ақы, 6 сағаттан артық есептелмей отыр дейді. Сөздерінше, жеке көмекшілер үшін Алматы облысы 170 мың теңгеге дейін төлесе, 30 шақырым жердегі Түркістанның өзі 130 мың теңге алады. Ал Кентауда төлем 50 мыңнан аспайды екен. Сондай-ақ, бұл қаладан 10 шақырым жердегі ауылдарға 25 пайыз ауылдық үстеме мен 20 пайыз экология төленеді, Кентауда бұл да қарастырылмаған дейді. Шағымданушылардың алдына шыққан қала әкімі қоғамдық жұмыс үшін қарастырылған төлемді көбейту үшін әрекет етіп жатқанын айтты. РАШИД АЮПОВ, Кентау қаласының әкімі: – Төлемақысын азайтты расында да. Қазір жұмысқа келетін адам жоқ, жаңағы айлығы төмен деп. Өкінішке орай. Ол туралы министрге жолыға алмадық. Бірақ әрекет жасап жатырмыз. Көмекшілеріне шықтым. Айттым. Қазір жауап күтіп отырмыз шындығы керек. Өйткені оны шешетін үкімет. Біз жергілікті атқарушы органбыз, заңды жазып береді соны орындаймыз. Мүгедектер көтерген экология мәселесі күз айларында шешімін табуы мүмкін деді әкім. Сөзінше, Кентауды экологиялық аймаққа енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал инватакси бойынша Кентауда мәселе жоқ, 2 көлік қызмет атқарады. Бұл барлығына жеткілікті деп қысқа қайырды. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confir

Похожие видео

Показать еще