Алматыда цемент зауытында жарылыс болып, жергілікті жұрт жапа-тармағай үйлеріне тығылды HD
Алматының Жетісу ауданындағы цемент зауытында міне мынадай жарылыс болып, шаң-тозаңның астында қалған жұрт жапа-тармағай үйлеріне тығылған. Сегіз жылдан бері осылай цемент қалдығын жұтып, түрлі ауруға шалдықтық деген тұрғындар зауыт қаланың қақ ортасынан көшірілісін деп талап қойып отыр. Ал кәсіпорын өкілдері, мемлекеттің барлық мекемесі бізге рұқсат беріп отырған соң, өз кәсібімізді еркін жүргізіп келеміз дейді. Алматының тазалық індет мамандары өндіріс ошағының құрылысы басталмай жатып, үй мен зауыттың арасы кемі 300 метр болуы керек екенін ескерттік деп отыр. Бірақ, кәсіпкерлер республикалық санитарлық-эпидемиологиялық комитетінен рұқсат алып алған екен. Айдын-күннің аманында аспанға атқылаған цементтің астында қалған тұрғындар, төзіміміз осымен таусылды дейді. Шамамен 3 гектар аумақты алып жатқан зауыттан шыққан бетонның иісі, цементтің шаңы өкпемізге толып бітті деп отыр. ӘЙГЕРІМ ЕРДӘУЛЕТ, тілші: – "НұрТауГруп" деп аталатын цемент шығаратын зауыт пен Жетісу ауданындағы мына үйлердің ара қашықтығы шамамен 20 метрдей. Сегіз жылдан бері шаң-тозаңнан көз ашпай келеміз деген тұрғындар, баспаналармыздың қабырғасы да сөгіліп жатыр дейді. Түрлі тыныс ауруларына еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шалдығып, ковидтың кезінде дем жетпей барады дейді. АҚҚУ ӘДІЛОВА, Алматы қаласының тұрғыны: – 500 метр ары болуы керек. Қала сыртына шығару керек, дереу шығару керек. Мүмкін емес, көшіру керек. Барлық жерге шағымдандық. Бізді естігісі, көргісі келмейді ме, білмеймін. МАРИНА ЧЕРНЫХ, Алматы қаласының тұрғыны: – Біз мұнда ашығын айтқанда тұншығып барамыз. Бронхит, гайморит, астма, тері рагымен ауыратын адамдар көбейіп кеткен. ӘЙГЕРІМ ЕРДӘУЛЕТ, тілші: – Ал кәсіпорын өкілдері тазалық індет мамандарының рұқсат берген құжатын көрсетіп, зауыттың жұмысы толықтай заңды екенін айтады. Ауаға зиянды қалдық шашпаймыз, 250 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жазығымыз кезінде кірпіш зауытының орны болған қараусыз жерді қоршап іске қосқанымыз ба дейді. БАЙБОЛАТ МАЙКЕНОВ, зауыт басшысының орынбасары: – Бірінші рет болып тұр. Неге десеңіз әр выброс бізді тексерген құзырлы орган бар, сондықтан допустимый выброс қағаз жүзінде көрсетіледі. Апатты жағдайдың бірінші рет болмағанын тұрғындардан бөлек, экология департаменті растап отыр. Бірақ, бұл жолы ауаға шашылған зиянды қалдық нормадан әлдеқайда асып кетіпті. АЛМАТ ӘЛҚОЖА, Алматы қаласы экология департаментінің бас маманы: – Атмосфералық ауадан сынама алау барысында шаңның шектік көрсетілген нормадан асу фактілері анықталды. Яғни, шектік көсетілген нормадан 3 есе ауытқу анықталды. Экология департаменті цементтен бетон дайындап жеткізетін кәсіпорынға жоспарсыз тексеріске шығамыз деп отыр. Ал қалалық жасыл экономика басқармасы зауыт құрылысына бұрын берген рұқсат қағазын енді қайта қайтарып алу үшін кәсіпорынды сотқа беріпті. Әйгерім Ердәулет, Ринат Әбілқайыров Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https:/