ДОНБАССТА ҚОРҚЫНЫШТЫ ҚАНДЫ МАЙДАН! РЕСЕЙ ТҮПКІЛІКТІ ЖЕҢІЛДІ. #россия #қазақстан #украина HD

11.09.2022
Бәріңізге сәлем желіде Ақсұңқар.Бүгінгі бейнеролик Украинада болып жатқан найзағайлы соғыс жайлы болады.Соңғы 3-4 күн ішінде Украина қарулы күштері Харьков-Донбасс бағытында қарсы шабуылға шығып қазірге дейін тоқтаусыз,бұрын-соңды болмаған қарқынмен басып алынған жерлерін азат етіп келеді.Арнаға жазылып,лайк дизлайк басуды ұмытпаңыздар. 6-7 қыркүйек күндері Украина қарулы күштері күтпеген жерден Харьков бағытында қарсы шабуылға шықты. Ресей агрессоры басып алған елдің аумақтарын азат ету үшін қарулы күштердің қарсы шабуылы дамып келеді. Украин тарапының шабуылдау операциялары бірден үш бағытта өрбуде: Харьков, Донецк және Луганск. Соңғы күндері украиндықтар жағынан Балаклея, Изюм, Купянскі секілді ірі елдімекендердің босатылуы, сондай-ақ Волчанск қаласына қарай жылжуы туралы хабарламалар келіп түсуде. Басқыншылардың күштері Лиман өңірінде өте қиын жағдайға тап болды және қаланы тастап шығуы мүмкін. Сонымен қатар, "Донецк Халық Республикасының" ғұмыры соңына қарай жылжып келе жатқан сияқты, өйткені сол аймақтағы жергілікті содырлардың жетекшісі Пушилин Донбаста тоналған ресурстарды Ростовқа жеткізуді бұйырды. Қазір ол өзі белгісіз бағытта кетіп бара жатқан бронды машинадан "бәрі бақылауда" сарынында бейне жазды.

Похожие видео

Показать еще