СҰМДЫҚ ӨТЕ ҚОРҚЫНЫШТЫ ВИДЕО ҚАБІР АЗАБЫ
Адамның санасы дәлелдеуді қажет етпейтін шындықтардың бірі – өлім.Өлімнің дәмін бүкіл тірі жан татады.Өйткені ол – Аллаһтың бекіткен заңы. Аллах Тағала Құранда: «(Мұхаммед!) Шынында сен де өлесің және олар да өледі» (Зумар сүресі, 30 аят) Адам қабірге жерленген соң оның жанына Муңкәр мен Нәкір есімді екі періште келіп сұрақ алады. Олардың алғашқы үш сұрағы "Раббың кім? Дінің не? Кімнің үмбетісің?" Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Муңкәр мен Нәкір дегеніміз кімдер?» – деп сұрайды.Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Қабірдегі екі сынақшы, жердің астын тістерімен, шаштарымен сүзіп шығады.Дауыстары қатты шатырлаған күннің күркірегеніндей, көздері жалт етіп атылған найзағайдай, өздерімен бірге жер бетіндегі адамдар жиналып көтере алмайтын темір шоқпарды ала келеді», – деді. Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.): «Кәпірге қабірде тоқсан тоғыз айдаһар жылан жіберіледі.Қиямет күніне дейін оны жалап, шағып тұрады.Егер ол айдаһарлардың біреуі жерге демін жіберсе бұ дүниеде бірде-бір жасыл өсімдік өспес еді», – деп айтқан. Ойланайық, осындай азапқа душар болуды қаламасаңыз, намазға жығылып, Раббымыздан кешірім тілеңіздер! Қабірге кіргенде сізге екінші мүмкіндік берілмейді! Ол мүмкіндік туылғаннан өлгенге дейін беріліп қойған. " Жасым келгенде оқимын " деген жандардың ол жасына жететініне кім кепіл? Сынақ үшін берілген тіршілікті құлшылықпкен өткізейік! Пайғамбар (с.а.у) қашан бір жаназаны жерлеп аяқтап болғаннан кейін орнынан түрегеліп, сосын адамдарға айтатын : "әй, адамдар! Мына бауырларыңа Алладан кешірім сұраңдар! Екіншіден мына бауырларыңа Аллаһ тағаланың бекемдеуін сұраңдар! Өйткені сөзсіз бұл қазір сұралып жатыр" деген. Сахабалар өлер сәтінде : "мені қабірге жерлеп болғаннан кейін бір түйені шалып, сол түйенің еті таратылып кететіндей уақыт болыңдаршы. Менен сұрақ алынып жатырғанда сендердің жанымда екендіктеріңді сезінейінші" деген екен. Марқұмды қабірге қарай апарғанда оның соңынан уш нәрсе еріп барады. Туысқандары, дүниесі, амалы. Екеуі кері қайтады. Жанында амалы ғана қалады. Түбінде баратын жеріміз осы ғой. Қазір біз жердің бетіндеміз. Ал қабірстанға барсақ, үсті тыныш болғанымен, асты тыныш емес. Біз қай амалмен кіретінімізді де білмейміз. Қаншама адамның етін жедік, қаншама өсек кетті, қаншама адамның аманатын айтып қойдық, кіріспейтін нәрсеге кірісіп қойдық. Қаншама адамды ренжітіп қойдық. Осман (р.а) жәннат пен тозақ туралы айтылса жыламайды, ал қабір басына барып, адам жерлесе жылайды екен. Сонда жанындағылар оның себебін сұрағанда "бұл қабір ақыреттің баспалдақтарының әуелгісі ғой. Кімде кім осы баспалдақтан құтылса, бұдан кейінгі баспалдақтары жеңіл. Ал, кімде кім осы баспалдақтан құтылмаса, одан кейінгі баспалдақтар қиын болады. Мен Пайғамбар (с.а.у) айтқанын естідім : "Мен қаншама қорқынышты нәрселерді көрдім. Солардың ішінде қабірден үрейлісін көрмеппін" дейді. Барзах әлемі перделенген, егер оны адам көрер болса, мерт болады. Иман олай келмейді, иман көрмей сену арқылы, жүрекпен ғана се
Похожие видео
Показать еще