СҰМДЫҚ! ДЖАКИШЕВ ШЫНДЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ! HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Мұхтар Жәкішев Қазақстандағы былықты жайып салды. Иә, отыз жылдық сірескен жүйенің, жемқорлықтың зардабын өте сауатты түрде жеткізіп берді. Ресей Қазақстаннан бас тартса ашаршылықтың басталауы мүмкін бе? Жәкішев сияқты прогрессті жеделдететін емес, қайта көттен кері қарай кетіретін мәңгүрттерді жайғастырған үкімет туралы не дейміз? Жәкішовтың ұрпақтарды тонап жатырмыз деуіне не себеп болды? Бұл туралы өте қорқынышты ақпараттарды сізге Көрген дұрыс! Патша көңілді көрермендер. Бар болғаны 15 секундыңызды қиып, видеомызға лайк басып, арнаға тіркеліп, қасында шыққан кішкентай ғана қоңыраушаны түрте кетіңіздерші. Сіздердің бізге көрсеткен қолдауларыңыз, зор шабыт пен еңбегіміздің жемісі болып табылмақ. Кеттік ендеше! Мұхтар Жәкішев бүй деді; БІЗ БАЛАЛАРЫМЫЗ БЕН НЕМЕРЕЛЕРІМІЗДІ ТОНАП ЖАТЫРМЫЗ Бүгін еліміздің сыртқы проблемалары туралы сөйлесейік. Қазір аумалы-төкпелі уақыт, не боларын білмейміз. Реседің Украинаға шабуылы кесірінен салынған санкциялар күшейіп барады, қашан тоқтайтыны белгісіз. Бұл бізге де әсер етпей қоймайды. Біз ЕЭО-та бармыз, Ресеймен шекаралас елміз, оның үстіне Ресей біздің ең үлкен сауда серіктесіміз. Санкциялар қаншалық ұзаққа созылады? Менің байқауымша, бұл ұзаққа кетеді. "Қыс ұзаққа созылады". Неге? Өйткені санкцияның негізгі себебі Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы ғана емес. Негізі Ресей соғыс ашатындай шынайы себеп болған жоқ. Сол үшін де аналитиктердің бәрі бұл соғыс басталмайды деп ойлады. Бірақ басталды. НАТО Ресейге жақындап келе жатыр деді. Олай емес. Балтық елдерінің шекарасы мен Мәскеудің арасын қараңыз, одан кейін Украина шекарасы мен Мәскеудің арасын қараңыз, қайсы жақын екен. Одан ұлтшылдар көп деді. Олай да емес. Украинадағы ұлтшылдардың саны Ресейдегі ұлтшылдардан аз. Францияда ұлтшылдар партиясы парламентінің қырық пайызын алып отыр. Оларға да соғыс аша ма енді?! Негізгі себеп - президент рейтингінің төмендеуі. Ресей президентінің рейтингі төмендеген сайын соғыс ашатынын батыс елдері түсініп алған соң, шабуыл жасамайтындай етіп Ресейдің экономикасын әлсірету керек деген шешімге келді. Осы жолғы санкциялар ұзаққа созылады және жойқын болады. Рекашет жасап бізге де тиеді. Және Украинадағы соғыс тоқтаса да санкция тоқтамайды. Ресей соғыс ашпайтынына көзі жеткенде ғана батыс санкцияны тоқтатады. Қазақстанның сыртқа шығаратын негізгі өнімі - шикізат. Біз осы уақытқа дейін оны негізінен Ресей арқылы шығарып келдік. Ресейдің темір жолдары, Ресейдің порттары, Ресей арқылы өтетін құбырлар - енді осының бәрі сенімді болмай қалайын деп тұр. Мен бұрын да айтқан бір сөзім бар. Бір ел өзінің валютасын ойлап шығарса, ол ә дегенде жай ғана қағаз болады. Елдің ішінде сауда жасауға жарайды, сыртқа шықса, түкке татымай қалады. Егер сол елдің басқа елдерге ұсынатын құнды заты болса, сол кезде ғана төл валютасы құнды бола бастайды. Біз экспортқа бірнәрсе шығарсақ, кейін сол ақшаға сырттан бірнәрсе ала аламыз деген сөз. Енді... Енді Ресей арқылы біз тауарды сыртқа шығара алмай қалатын болсақ
Похожие видео
Показать еще