Басты генералдарын қанға тұншықтырып,Қырымды қырғынға ұшыратпақ!!! #украина #россия #қазақстан HD
Бәріңізге сәлем,желіде Ақсұңқар.Бүгінгі бейнеролик Украинада Ресейдің С-300дерін шетінен қиратып жатқан,Американдық AGM-88 HARM зымыраны жайлы болады.Бүгін сіздер аталған зымыранның не себепті Залал деген лақап атқа ие болғандығын және Орыс армиясы AGM-88ден атақты Джавелиндерден де қатты сескенетіндігінен хабардар боласыздар.Бейне басталмастан алдын,арнаға жазылыңыздар,лайк немесе дизлайк қалдырыңыздар. 1983 жылы жаңа harm AGM-88 (High-speed Anti-Radiation Missile) радиолокациялық зымыраны АҚШ ӘӘК және Теңіз әскери авиациясының арсеналына қабылданды. Өзінен бұрынғы Shrike және Standard-ARM зымырандарынан айырмашылығы, HARM зениттік зымыран кешендері мен әскери кемелердің атысты басқаратын радар жүйелерінен басқа, ол жойғыштарды ерте анықтау және бағыттау мақсатындағы радиолокациялық станцияларға соққы бере алатын болды.Зымыранның басты миссиясы қарсыластың әуе қорғаныс кешендерін,маңызды радиолокациялық станцияларды талқандау арқылы залалсыздандыру. AGM-88 зымырандарын АҚШ Әскери-әуе күштері 1986 жылы Сидра шығанағындағы Ливияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарына, сондай-ақ 1991 жылы "шөлдегі дауыл" операциясы кезінде жаппай қолданылды. Шөлдегі Дауыл Операциясы кезінде бас-аяғы Ирактың әуе шабуылына қарсы қорғаныс радарларына қарсы 80 AGM-88 зымырандары атылды. Алғашқы HARM зымырандарының жоғары тиімділігіне қарамастан, бұл зымыранның ең бірінші нұсқаларын қазіргі заманғы жоғары дәлдіктегі қару деп санауға болмайды, өйткені олардың "дос-бөтен"толық тану жүйесі болған жоқ. Мысалы," шөл дауыл "операциясы кезінде АҚШ Әскери-әуе күштері HARM зымырандарын әрдайым тиімді қолдана алмады, өйткені Ирактың әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының құрамына кеңестік өндіріс жүйелерімен бірге американдық Hawk кешендері кірді.90-жылдары бұл олқылықтың орны толтырылды.Сол жылдары жаңғыртудан өткен зымыран, GPS арқылы нысанағы бағытталу жүйесіне ие болды.Бұл жаңашылдық AGM-88дің басты кемшіліктерінің бірін қалыпқа келтірді.AGM-88 енжар радиолокациялық дәлдеу жүйесін қолданады.Жалпақ тілмен айтсақ,зымыран тек белгіленген қосулы тұрған радарға ғана шабуыл жасаған.Қарсылас HARMның ұшырылғанын біле салысымен радарды өшіре салған.Өшік тұрған радардың сәулелерін сезбеген ракетаның бағыттау жүйесі соқыр болып,басқарудан ажыраған.GPSті инерцианальді бағыттау арқылы бұл проблема шешілді.AGM-88 қарсыластың радарына ұшырылғаннан алдын,радардың орналасқан жерін жаттап алады.Қарсылас радар өшіп қалғанның өзінде жаттанды координатаға соққы берген.AGM-88 AGM-88 әдетте нысанаға 2-3минут ішінде ұшып жетеді.Бұл уақытта қарсылас радар көп жағдайда орын ауыстырып үлгермейді.2000-жылдары AGM-88E деген жаңа нұсқа пайда болды.Бұл нұсқа Енжар және GPSпен нысанаға дәлдеуден басқа белсенді дәлдеуге ие болды.Белсенді дәлдеу дегеніміз ракетаның өзінде 15-20 шақырымды шолитын шағын радары болады.Осының арқасында ракета радары өшік тұрған бірақ 2-3 минутта HARMда жатталып қалған жерден басқа жерге орын ауыстыра алатын қозғалмалы Тор,Бук секілді зениттік-зымыран кешендерін жоғары д