Астанада қырғын болып Жатыр! HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум! Міне нағыз ер! Халқының болашағы мен намыс жолында, Путиннен сескенбей, қарсы тұра білген батыр - Мұхтар Жәкішевтың елді елең еткізген мына әңгімесін сіздерге ұсынамыз. 2005 жылы ма, әлде 2006 жылы ма, қыстыгүні ТМД елдерінің басшылары Санкт-Петербургке жиналды. Мен, түс кезінде жеттім-ау деймін. Кешке мен жатқан қонақ үйге, «РосАтомПромның» бастығы Кириенко мен «ТехснабЭкспорттың» диреткоры Смирнов, келісімнің мәтінін алып келді. Бұл келісімді, одан бұрын әбден талқылағанбыз. Ол мемлекетаралық келісім тұғын. Оның мәні қарапайым, әрі түсінікті еді. «ҚазАтомПромда» уранды алу бар да, уранды газға айналдыру ісі жөнге қойылмаған еді. Сондықтан сырттан серіктес тартып, соларға өңдетіп, әрі өңдете жүріп технологиясын үйреніп, келісім біткен соң, дербес кетуді ойладық. Принцибіміз де қарапайым болған: олар бізге кіріп қанша ақша тапса, олардан алатын бизнестен, біз де сонша ақша табуымыз керек еді. Мен айттым, сіздерге уран өндіру қызық, біз оған рұқсат береміз. Бірақ қарымтасына, сіздер бізге, Ресейде жұмыс істеуге мүмкіндік бересіздер. Енді маған олар келісімнің мәтінін әкеліп отыр ғой. Олардың айтуынша, ертең біз, осы келісімге қол қоюымыз керек екен. Мемлекет басшыларының алдында. Путин осы істен хабардар көрінеді. Мәтінді оқуға кірістім. Оқыдым да, ауызым ашылып қалды. Біз оларға кен орнын береді екенбіз. Бірлескен өндіріс құрады екенбіз. Ал олар болашақта, бізге де бірнәрсе беру мүмкіндігін қарастырады екен. Тіпті «не екені де» нақтыланбаған. Мынандай келісімге, қол қоймаймын дедім. Мына нәрсенің түк мағынасы жоқ. Келістік қой, нақты жазуымыз керек? Біз, сіздермен бірігіп, бес кен орнын қолға аламыз, сіздер бізге, 5 млн РР-лік қуаты бар кен байыту зауытының үлесін бересіздер. Қаржы ағымы бойынша, екеуі шамалас болады. Ақшадан ұтылмаймыз, технологияны да аламыз. Сондықтан, сіздер «істің мүмкіндігін қарастырамыз» деп жазсаңыздар, біз де солай жазайық. «Ресей мүмкіндігін қарастырады, Қазақстан да мүмкіндігін қарастырады» дейік. Егер дайын болсаңыздар, тапсырамыз деп жазыңыздар, біз де жазайық. Ал біз тапсырып, сіздер қарастыратын болсаңыздар, ондай келісімнің «түк мәні» жоқ. Ондай нәрсе Қазақстан үшін қызық емес. Сөйтіп ем, олар: «ертең Путин ашуланады, біз оған айтып қойдық қой, анау-мынау, қиын болады» деп, әңгіме айта бастады. Мен айттым: оның маған не қатысы бар? Путин – сендердің елдің президенті. Менің елім басқа, президентім де басқа адам. Ертең Путин не айтады, ашулана ма, басқа қыла ма, маған бәрібір. Президент – сендердікі, өздерің шешіңдер, дедім. Сөй десем, олар: «ал біз айтпады деме», деді. «Мейлі» дедім. Ертесіне бүкіл делегациямен бірге, автобуспен кетіп бара жатсам, протоколдың бастығы - Бауыржан Байбек болатын ол кезде, хабарласады. Мұхтар Еркінұлы, қайдасыз? Мына жақта, бастық сізді іздеп жатыр, Путинмен әңгіме болыпты, келуіңіз керек, анау-мынау. Мен: Жарайды, бара жатырмын, дедім. Онда келгенде айтыңыз, мен сізге пропуск беремін, сіз елмен бірге кірмей, менімен өтіп кетесіз, бірден бастыққа алып бар
Похожие видео
Показать еще