ҚАЗАҚСТАН ДЕРЖАВАҒА АЙНАЛАДЫ HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Екі империямен құдайы көрші болып һәм сол екі елдің қас-қабағына қарап, саясатын түзеп отырған Қазақстан олардан іргесін аулақ салып, жаңа бір қағанаттың құрамына «ойыншы» болып енуі мүмкін емес екені белгілі. Ақиқатқа тура қарап сөйлесек, «тәуелсізбіз», «бостанбыз» деп, қаншалықты кеудемізді қаққанымызбен, саясатта да, экономикада да сол екеуіне көбірек тәуелдіміз. Сондықтан байланысты үзіп, олардан оңаша кету қайда бізге! Айтқымыз келгені – өз еліміздің қос көршінің алдындағы мүсәпірлеу қалпына аянышты көзбен қарап, тұқырта тіл безеу емес. Керісінше, Қазақстанның Қытай мен Ресейге шекесінен қарайтын бір жолдың бар екенін сөз ету. Ол – түбі бір түркі жұртын біріктіретін Ұлы Тұран мемлекеті. «Ұлы Тұран» жобасы түркітілдес саясаткерлердің арасында сөз болып келе жатқалы қашан. «Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен» деп, өткен ғасырдың басында Алаштың арда ұлы Мағжан бекер жырламаса керек-ті. Түркі жұртының болашағына сенбесе, Көк түрік қағанатының шаңырағын тіктеген Білге қаған: «Ей, түрік! Жоғарыдағы аспан құламай, төмендегі жер тесілмей, сенің мемлекетіңді, сенің әдетіңді кім жоя алады?!» – деп айтпас еді. Осылайша, ол түркі жұрты біріккен кезде ғана ешкімге дес бермейтін ұлы күшке айналатынын айтқан-ды. Иә, сол Білге қаған, ұлы қолбасшы Күлтегін баһадүр, абыз Тоныкөк аңсаған Ұлы Тұран мемлекетін құру әлі күнге исі түркі жұртына арман, мұрат болып келеді. Бірақ ол қашан құрылады? Әлемдік геосаясатта ондай жаңа империяның дүниеге келуі мүмкін бе? Қайдам. Өйткені құрыла қалса, толағай күшке, үлкен әлеуетке ие болып, өзгеге бас бермей кететін жаңа империяны жөргегінде тұншықтыруға тырысатындар өте көп. Неге? Себеп белгілі. Енді соған келейік. Әлемдегі барша түркітектестерді біріктіретін біртұтас Түркістан не болмаса, Ұлы Тұран мемлекетін құру өткен ғасырдың басынан бері жиі талқыланып келеді. Тіпті, соңғы бірер жылда тым жиі айтылатын болды. Әсіресе, түрік президенті Режеп Тайып Ердоған «бір ұлт, алты мемлекет» дегенді әртүрлі мінберде көтеріп жүр. Яғни Ердоғанның түпкі ойы – Түркия басшылық ететін алты мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзірбайжан) қауымдасып, Ұлы Тұран мемлекетін құру. Бастама дұрыс. Пантюркистер мен пантуранистердің де негізгі мақсаты – осы. Рас, мұндай мемлекет құрыла қалса, жаһандық геосаясатқа ықпал ететін өзіндік рөлі болар еді. Оны мынадан-ақ байқауға болады. Қазіргі кезде түркі әлеміне кіретіндердің саны 200 миллионнан астам. Олар Еуразия аумағының 4 миллион шаршы шақырым кеңістігін мекен етуде. Ол аймақтың табиғи байлығы 500 триллион доллардан астам көрінеді. Осындай ырғын байлыққа мелдектеп жатқан жерде Ұлы Тұран мемлекеті дүниеге келетін болса, сөз жоқ, толағай күшке ие болары хақ. Алайда ауызбірлігі мықты түркі империя
Похожие видео
Показать еще