Украина қатты өкініп қалды—осылай ғана Ресейден маза кетеді! HD

19.08.2022
Бәріңізге сәлем,желіде Ақсұңқар.Бүгінгі бейнеролик Қазақстанға ең лайықты жойғыш ұшақ истребитель жайлы болмақ.Сіздер бейнероликті көру барысында,Қазақстанға қолжетімді әрі сапасы сын көтеретін бастысы болашақта тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін Қытай мен Ресейге тәуелді болмайтындай жойғыш ұшақтар флотын жасақтау жолынан хабардар боласыздар.Бейне басталудан алдын арнаға жазыңыздар,лайк немесе дизлайк қалдырыңыздар. Украина соғысы басталғаннан соң,Санкциялар қысымымен Ресейдің қорғаныс өнеркәсіп кешені жоғары технологиялы продукция шығаруды доғарды.Қазақстан тапсырыс берген Тор мен Су-30дардың келуі екіталай.Біздің генералдарды қанша жерден орысқұл десек те олар енді Ресейлік жойғыштарды сатып ала-алмайды,бақытымызға орай.Иә,енді Батыс елдерінің жойғыштарын алу керек деген ой да келді.Америка болмасада Франция,Швеция секілді тәуелсіз дамыған жойғыш ұшақтар өнеркәсібі бар елдердің продукциясына көз салған жөн де шығар.Алайда осы тұста бірқатар проблемалар көзге түседі.Біріншіден қос мемлекетте НАТО-ға мүше ал біз ОДКБ әскери одағындамыз.Яғни біз олардың қарсыластарымыз.Соғыс басталғаннан соң батыс елдері әскери технологияны сыртқа шығаруға қатал қарай бастады.Екіншіден сатып алуға мүмкіндік болғанның өзінде Француздарда тапсырыс көп,біздің тапсырысмыз ондаған жыл салып қана орындалады.Швецияның Грифондары жеңіл салмақтағы жойғыш.Олардың әрекет ету қашықтығы аз.Бұның орнын толтыру үшін көп жойғыш немесе бірнеше әуе танкерлерін алуымыз шарт.Әуе танкерлері деп тұрғанымыз әскери авиацияда арнайы жанармайды ұшып бара жатып әскери ұшақтарға құйып кететін жанармай тасымалдағыш ұшақтарды айтамыз.Бірақ олардың бағасы өте-өте қымбат.Қысқасы бізге ауыр салмақтағы,ұзаққа ұшатын қолжетімді,сапалы жойғыштар қажет.Бұл талапты тек Американдық F-15EX немесе F/A-18 Super Hornet Block III әскери ұшақтары ғана қанағаттандырады.Қысқасы бізді қанағаттандыратын таңдау жоқ секілді.Бірақ мен сіздерге өзімнің әскери авиациямызды дамыту жолын ұсынамын.Бұл жол Кеңестік-Ресейлік жойғыштарға толыққанды бет бұру Су-27/30.Буум,Ақсұңқар есінен адасты!Жарайды барлығын рет-ретімен жеткізейін.

Похожие видео

Показать еще