МАСҚАРА! ӨТЕ ҚҰПИЯ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ — ПУТИН ЕСІНЕН АУЫСТЫ HD

23.10.2022
Бәріңізге ассалаумағалейкум Путин, Путин, Путин. Путинның арманының күл паршасы шықты. Кеңес одағын құрмақ болған диктатордың ендігі көздегені не? Аюдай Алып Ресей, алақандай Украинадан қалайша жеңіліп жатыр? Назарбаев бір кездері Путинның мақсатын орындамақ болғаны рас па? Тарихта Адольф Гитлермен бірге Путинның есімі жазылуы мүмкін бе? Бұл туралы өте өзекті ақпараттарды сізге Көрген дұрыс! Патша көңілді көрермендер. Бар болғаны 15 секундыңызды қиып, видеомызға лайк басып, арнаға тіркеліп, қасында шыққан кішкентай ғана қоңыраушаны түрте кетіңіздерші. Сіздердің бізге көрсеткен қолдауларыңыз, зор шабыт пен еңбегіміздің жемісі болып табылмақ. Кеттік ендеше! 2022 жылдың желтоқсан айында КСРО-ның құрылғанына тура 100 жыл толады. 1922 жылы 30 желтоқсанда РСФСР, Украина КСР, Беларусь КСР және Закавказье КФСР біртұтас КСРО мемлекетіне біріктірілді. Ресей президенті Путин әрқашан КСРО-ның ыдырауын апатты оқиға деп санайды. Бұл туралы ол 2005 жылы 25 сәуірде федералды жиналысқа жолдаған жолдауында айтты: «Біріншіден, Кеңес Одағының ыдырауы ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат болғанын мойындау керек»,-деген он жеті жыл бұрын. Путин өзі айтқан геосаяси апатты қай уақыттан бастап түзеуге көшкені белгісіз. Мүмкін Ресей президенті болып сайланған күнінен бастаған шығар. Естеріңізде шығар, ол 2001 жылы Кеңес Одағының ескі әнұранының әуенін қайта жаңғыртты. Шамамен содан бері Путин шекараларды кеңейтуге барынша мұқият дайындалды. Мұндағы жалғыз мәселе – бұрынғы Кеңес Одағының қай бөліктері, Путиннің пікірінше, жаңа мемлекетке кіруі керек еді. Ашық дереккөздердегі ақпараттың барлық жиынтығынан бірінші кезеңде жаңа одаққа Ресей, Беларусь, Украина және Қазақстан кіруі керек еді деп болжауға болады. Соңғы үш ел – толық немесе ішінара кіруі керек. Әрине, жүз жыл бұрынғыдай барлық саяси билік Мәскеуде орналасуы керек еді. Бұл схема Путин үшін бірден бірнеше маңызды мәселені шешетін еді. 2021 жылы 23 желтоқсанда жыл сайынғы баспасөз мәслихатында Владимир Путин былай деді: «Украинаны құрған кім? Владимир Ленин. Ол Кеңес Одағымен бірге құрды. 1922 жылғы шарт – одақтық шарт. 1924 жыл Конституция жылы. Ол қайтыс болғаннан кейін болса да, соның принциптерімен құрылды». Барлығы 2014 жылға дейін жоспар бойынша өтті. Лукашенко Белорусияны, Янукович Украинаны, Назарбаев Қазақстанды Ресейге жақындата түсті. Бір кездері Ресейдің Алясканы америкалықтарға сатқаны сияқты Янукович те Қырымды Ресейге сатуы керек деген қауесет тарады. Өйткені ол кезде патшалық Ресейге қатты ақша қажет болды. Демек, Януковичке де ақша керек. Солай болды да. Ашулы украиндар Януковичті қуып жіберді. Нәтижесінде Қырым күшпен алынды. Осыдан кейін Украинаның бейбіт аншлюс жоспары бұзылды. Путин «Б» операциясын – «арнайы әскери операция» деп аталатын жоспарды жалғастырды. Айта кету керек, Қазақстан, шын мәнінде, өте бақытты ел. Өйткені ол бірінші құрбан болуы мүмкін еді. 2022 жылдың қаңтарында елде наразылық шерулері өтті. Басты рөлде Ресей ойнайтын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) әскерлерін әкелу қажет болды. Бірақ осы жерде жоспар бұзылып, Ресей Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды. Оған себеп болған – Қытай. Айтпақшы, 2019 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қазан айына дейін Ресей басшылығының өкілдері Қытай басшылығына «Қазақстанның болашағын» талқылау ұсынысымен кем дегенде сегіз рет хабарласты. Дәлірек айтсақ, Қазақстанды екіге бөлу мәселесі айтылды. Бірақ Қытай мұны қабылдаған жоқ. Қазақстанды қоя берген Ресей Украинада жеңіске жетуді ұйғарды. Бастапқыда «барлық арнайы операцияны бір аптаның ішінде аяқтау жоспарланған болатын». Алайда, оның басталғанына 7 айдан астам уақыт өтті, соңы жоқ. Бұл азып-тозу соғысы. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2020 жылы Украинаның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 155 миллиард долларды құраса, Ресейдің ішкі жалпы өнімі 1 483 миллиард долларды құрады. Он есе дерлік артық. Украинаның мүмкіндігі аз болды. Бірақ бүкіл өркениетті әлем Украинаға көмекке келді. Оның ресурсы Ресейге қарағанда көбірек бола бастады. Қазір соғысып жатқан екі елдің экономика көлемін салыстыру жеткілікті. АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Австралия (яғни Ресейге қарсы санкцияларды ең белсенді енгізген елдер) жалпы ішкі өнімі Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша 2020 жылы 47 036 миллиард долларды құрайды. Бұл 32 еседей артық. Ресейдің әлемдік экономикадағы үлесі 1,75 % құрайды. Жоғарыда аталған елдердің үлесі 55,5 %-ды құрайды. Бүгінде Ресей мен Украина арасындағы әскери текетірестің нәтижесі мәнін жоғалтқандай. Әсіресе, Ресейдің соңғы кездегі «қайта топтасулар» мен басқа да «ізгі ниет қимылдарын» ескерсек. Естеріңізде ме, жақында (дәлірек айтсақ, 2022 жылдың 15 маусымында) Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Медведев өзінің телеграм арнасында мақтанды: «Екі жылдан кейін Украина әлем картасында болады деп кім айтты? Бүгінде Ресейге қатысты осындай сұрақты қозғайтын кез келді»,-деді. .

Похожие видео

Показать еще