МАСҚАРА! БОЖКО БАСҚА ТЫШТЫ HD
Бәріңізге ассалаумағалейкум Кеосоян тағы да ауызына келгенін оттады. Надо будет Қазақ билігінен рұқсат сұрамаймын деп басқа тышуына не себеп болды? Божко деген кәрі түлкі қазақ халқын не деп қорқытты?! Ресейдің бас прокурорының Қазақстанның ішкі саясатына қымсынбай араласуына кім кінәлі? Қазақстан туралы оттамаңдар деген Белорусь мемлекеиі туралы не дейміз? Бұл туралы өте қорқынышты һәм қызықты ақпараттарды сізге Көрген дұрыс Мен Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын. Ресейлік актер, тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасап, елге келу үшін Қазақстан билігінен рұқсат сұрамайтынын айтты. – Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бұл күлкілі, жай ғана күлкілі. Мүмкін мен олардың қорқынышын тудыратын нүктеге тиген шығармын. Демек, мен журналистің жұмысын дұрыс орындадым. Мен міндетті түрде Қазақстанға келемін. Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын. Мен туып-өскен туған Қазақстаныма, менің кеңестік Қазақстаныма міндетті түрде келемін, – деді Кеосаян жұма күні. 24 маусым күні қазақстандық БАҚ Кеосаянның лаңкестермен бір тізімге енгізілгенін хабарлаған еді. «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі Кеосая Қазақстанға кіруге тиым салынатын адамдардың тізімінде. Ол сүмелектен кейін өзіміздің қоғамда да үй ішінен үй тігіп үріп жататындар да шықты. Солардың бірі де бірегейі сұм түлкі Божко! Мәжілістің экс-депутаты Владимир Божко әлеуметтік желіде «қазақ нацистеріне» қыр көрсеткен жазбамен бөлісті. Бұл туралы Шадияр Өстемірұлы толыққанды мақаласын арнап, хабарлаған болатын. Онда батысшыл, тұраншыл және украинаға бүйрегі бұратын адамдарды бір ауыз сөзбен «нацистер» деп атаған. Сөзіне сенсек, енді бұларға тықыр таянбақ. Жазба авторы – Семен Уралов. Назарларыңызға толық мәтінін ұсынайық: «Қазақстанның нацистері әзірлене беріңдер. Ресейдің Бас прокуроры Игорь Краснов Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловпен кездесті: «Бұл туралы айту ыңғайсыздау. Бірақ маған ұдайы мынадай ақпарат түседі: «Украиндық үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда да белсенді түрде русофобтық әрекет жасалып жатыр»... «Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру тәжірибесімен алмасуға біздің сарапшыларымыз шілде айында Нұр-Сұлтанға келеді». Жақында барлық соросшылар, тұраншылар мен басқа да нацистерге қылбұрау салынады деген үміт бар. Бірқатар қазақ саясаттанушыларына ленталарын барынша тазартып, бұдан былай қайдағы жоқ нәрсені жазбауға кеңес беремін», – деп жазған еді Семен Ураловтың блогында. «Халық қалаулысы» Владимир Божко жерден жеті қоян тапқандай қуанып, бұл жазбаны өз парақшасында бөлісіп қойған. Десе де, қазақстандықтарға депутаттың мұнысы мүлде ұнамағаны байқалады. Репосттың астында наразылық білдірген жазбалар толастар емес. Ұзын-ырғасы мынадай: «Репост не үшін жасалғанын түсінбей тұрмын. Бұл қазақтарға сес көрсеткенің бе?» «Мұның ашық әрі айқын қауіп төндіру!» «Мемлекеттік қызметте отырып, репост жасауы қазақ халқына айтқан рахметі ме?» «Қазақтар ешқашан нацист болған емес. Біз соғысқа қа
Похожие видео
Показать еще