СҰМДЫҚ! ТРУСИЫ ЖЫРТЫЛЫП КЕТТІ/СОЙҚАН ТОЙ/ҚҰДАША МАСҚАРА БОЛДЫ!
Хан сайлағанда көтеретін ақ киізбен қызын ұзатқан қазақтар туралы не дейміз? Түріктің бизнесмен жігіті қол астындағы қазақтарды не үшін жамандады? Тойшыл қазақтан, ойшыл ұрпақ қашан туады? Іш киімі жыртылғанша билейтін мақтабастар туралы ақиқатты кім айтады? Бұл туралы сұмдық ақпараттарды сізге Көрген дұрыс Мен көптеген видеоларымда қазақты ұйқысынан қалай ояту керек, қайткенде өркениетті ел боламыз, тіл менен дінді, білім мен ғылымды қалай дамытамыз деген сауалдарға жауап іздеп, көрермендерге мейлінше мотивация беруге тырыстым. Жылатып та, күлдіріп те, бүлдіріп те айттым. Бүгінгі видеомда қалғып мүлгіп жүрген марғаудай болған қазақты оятуға бағытталған сәтті шығарылым. Тойшыл, Абайдың тілімен айтқанда, мал шашпалық, бөспелікке бой алдырған, отыз күн ойын, қырық қүн тойын думандатып, қазы қуалап жүрген қайран қазақтарды қайрауға арналған. Мен бұл шығарылым арқылы, халықты тойдан бездірмеймін. Жасасын, тек даңғазалыққа салынбау керек. Қазір бәсекелескен заман. Анау квартирада қаңғып жүрген бейшарадан кем қалам ба, анау досымнан асырып той жасаймын, мынау ағайын тойды дүбірлетіп өткізбесем көтін ашып күледі ғой деген негативті ойлардан арылу қажет. Бұл сізді жеңіске емес, жеңіліске душар етеді. Қазіргі тойлардың шектен шыққаны соншалық кейбіреулер қызын хан көтеретін ақ киізге отырғызып алып ұзатып жүр. Ал керек болса. Бұғаү не дейсіз? "Келінді ақ киізге көтеріп ұзату дұрыс емес. Қазақтың салтында ондай болмаған. Қазір ел арасында салт-дәстүрге реформа жасаушылар көбейіп кетті. Ойларына келгенін істейді. Бұл барып тұрған надандық дер едім. Қазақта ақ киізге отырғызып тек ханды ғана сайлаған. Хандар ғана сол салтқа лайықты. Елден ерекшелену үшін осындай қадамға барып жатқандардың әрекеті ұят тірлік", — дейді этнограф Ахмет Тоқтабай ағамыз Ал, журналист Қанат Тілеухан «Той - қазақтың қазынасы деген бір бишара сөз бар. Қайдағы қазына? Итшілеп, тыраштанып тапқаныңды бір мезетте шашу ғой. Той өтеді. Сосын көлшігі тартылып балшықта қалған бақадай бақылдап қаласың. Анау жетпейді, мынау жетпейді. Несие кеп екі бүйірден қысады кеп. Тегі өз басым тойға барып демалып қайтқан адамды көрмедім. Барасың, шаршап-шалдығып қайтасың. Баяғыда ауылда екі-ақ той болатын. Үйлену той және «провод». Соңғысы қызық. Кіре алмай сыртта жүресің. Сонысымен де қызық. Қазір тойдың түр-түрі шықты. Кейбір таныстар сондай тойға шақырды. «Темасын» түсінбей жынды болдық. Пандемия басталғанда осы тойдың тоқтағаны ғана қуантты. Алматы мен Талғар жолының бойындағы самсаған тойханалардың есігі жабылды. Бойды «злорадство» кернеді. Міне бүгін той жасауға ресми түрде рұқсат берді. Дарақылықтың бәйгесі қайта қыза түседі. Айтпақшы, Түркиядан үй алған әншілер енді ауылға қайтатын шығар», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. Кейбір дерек көздерінің жазуынша, қазақстандықтардың несие қарызы 4,4 триллион теңгеге жеткен. Сарапшылар мұны халықтың негізінен той-томалақ жасау үшін несие алып, ысырапшылыққа салынуымен байланыстырады. Олар бұл мәселені шешу үшін елімізде той жасаудың жаңа