РЕСЕЙДІ САТЫП КЕТТІ - ШЕШЕНДЕР БҮЛІК ШЫҒАРДЫ!
Бәріңізге ассалаумағаликум. Украина берілмеуде. Шегінбеуде. Отанды беру мен өлім таңдауы тұрса, өлімді таңдауда. Бұл недеген батыр халық? Зеленский «елден қаш» деген Американың ұсынысынан неге бас тартты? Рамзан Қадыров, Путинге жағынып Украинаға әскерін жібермек пе? Оған не жоқ десеңші? Путин Киевтің тас-талқанын шығаруда. Бірақ бас иіп, берілетін украин жұрты жоқ, Орыс басшысы енді не істемек? Ең соңғы маңызды әрі сұмдық ақпараттарды сізге білген дұрыс! Қайырымдылық Қазір Украинаның бала-шағасына дейін қолына қару алды. Ақтық деміміз таусылғанша орыспен соғысамыз деп. Суреттегі мына кісі Виталий Кличко. Киевтің әкімі. Ақшасы көп, байлғы бір басына жетіп артылады. Жеке басын ойлап шетелге қашып кетуіне әбден болар еді. Жоқ, ол өйтпеді. Даңқты боксшы отанын қорғау үшін сапқа тұрды. Мұндайда қаңтар қырғынында көзден ғайып боп кеткен біздің әкім-қаралар еріксіз еске түсіп кетеді екен. Ал мына кісілер украина депуттаттары. Қолда калаш, костюмдерін шешіп соғысқа сақадай-сай. Ал мынау «бумокс» тобының жігіттері. Басқыншылармен шайқасамыз деп тұр. Ал мына көрініс тіптен жүректі елжіретеді. Қолында темірдің сынығы жоқ украин азаматы орыстың бронды әскери техникаларын жалғыз өзі жалаң қолмен шығып тоқтатпақшы. ВИДЕО: Әлем жұрт дүниені дүрбелеңге салған бұл соғысқа тіс-тырнағымен қарсы. Тек орыссүйгіш, ресейшілдерге майдай жағып жатыр. Мынаны қараңыз Дублин халқының Ресей елшілеріне деген көзқарасы. Осыдан артық пазор бола ма? ВИДЕО. Ұяты бар орыстар кірерге тесік таппай жатыр қазір. Мына орыс азаматы Украина халқынан тізерлеп тұрып кешірім сұрап жатыр. ВИДЕО: Украина Президенті Зеленский нағыз ер екен. Мейлі ол бұрын кім болды, қандай болды ол басқа әңгіме. Нағыз сын сағатта халықпен бірге. Сәт сайын видео жариялап елмен бірге екенін, ешқайда қашпағанын айтып жұртына рух беріп жатыр. Америка оған елден кетуге кеңес берді. Бірақ халқын оттың ортасына тастап кететін ол жоқ. Соңына шейін күресемін дейді. ВИДЕО: Украина әскерінің ерлігіне тәнті болып отырмын. Басқыншы әскері Қырымдағыдай бір оқсыз аламыз деп ойласа керек. Әлде расымен «Украинаны фашистер басып алды» деген ертегіге сенген Ресей сарбаздары, Украина халқы алдымыздан құшақ-құшақ гүл шоқтарын алып шығады деп ойлады ма екен? Украинаны ұшақтармен бомбалап, зымыранмен атқылап, танкпен таптап, кемеден оқ жаудырып, артиллериямен соққылап жатыр. Қарсы жауап ретінде Украина ерлері басқыншының ұшағын құлатып, зымыранын қағып түсіріп, танктерін өртеп, жаяу әскерін мылжа-мылжа етуде. Әскери қуаты әлемдегі екінші орында тұрған елдің әскері қырылып жатыр. Мыңнан асты. Украина берілмеуде. Шегінбеуде. Отанды беру мен өлім таңдауы тұрса, өлімді таңдауда. Көпірді жарып, Ресей танктерін тоқтатқан жігіттер, аралда қоршауда қалып, берілуден бас тартып, қаза тапқан 13 жауынгер соның дәлелі. Украина халқына да тәнті болдым. Бомбалаған сәтте бункерге жасырынып, артынша шығып, донор ретінде қан тапсырып, Молотов коктейлін дайындап, жаппай Ресей әскерінің суреті мен видеосын қорғаныс штабына
Похожие видео
Показать еще