ҚОЛЫНАН БОҚТА КЕЛМЕДІ - МИНИСТРДІҢ ЖАНЫН ШЫҒАРДЫ! HD

06.07.2022
Бәріңізге ассалаумағаликум. Қазір жұрт қатты сағынып жүр. Нені? Ескі Қазақстанды. Жаңа Қазақстанда қымбатшылықтан көз ашпады. Мейлі қымбат ақ болсын, алайын десе ол да жоқ. Әне, қантқа таласып бір-бірін жеп жатыр. ШУМ: Бағаның бас бермей жатқанына кім кінәлі? 25 жыл тұрған балмұздақ бағасын 60 иеннен 70 иенге көтергені үшін жапон зауыты халықтан қалай кешірім сұрады? Біздің елде 25 жыл тұрмақ 2 күнде баға басқаша боп шыға келетіні несі? Билет бағасын өсіргенде шімірікпейтін ҚТЖ пойыздардың жағдайына бір қарады ма? Жол ақысы үшін ақша емес қант беріп жүр. Қымбатстанның қызықты әрі смұдық оқиғаларын сізге білген дұрыс? ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ Алдымен жапон жерінде болған мына бір оқиғаны естіңізші. 2016 жыл. Жапония. Балмұздақ шығаратын Akagi зауыты өздерінің ең танымал өнімі - Garigari балмұздағының бағасын көтереді. Сондағысы 60 иеннен 70 иенге дейін. Ескі баға 25 жыл тұрған екен. Бірақ инфляция өсіп, ол баға тиімсіз боп қалады. Зауыттың қарапайым қызметкерінен бастап басшылығына дейін өз өнімдерін 10 иенге қымбаттатқаны үшін халықтан қатты қысылса керек. Мәжбүрлі қадамға барғандарына елден кешірім сұрап, арнайы ролик түсіртеді. Кейін сол ролик ұлттық телеарналардың бірінде көрсетіледі. Елестетіңізші, егер бізде сөйтіп бағаны көтерген сайын басып иіп халықтан кешірім сұрай берсе баяғыда-ақ мойындары талып, белдері бүгілмей қалар еді. «Жұрттың Ыбырайы-Ыбырай, біздің Ыбырай-сұмырай» демекші ондай кешірім сұрау ойларына да кіріп шықпайтын шығар. Иә, қымбатшылық қысып барады. Кедейі көп елміз. "Кедей адам ұрысқақ. Ауру адам тырысқақ. Долы қатын жұлысқақ "деген. Ұрыс жанжал, зорлық зомбылық, қатын ұру, ажырасу жиі ұшырасады. Көп дүние айналып келіп ақшаға тіреледі. Шіркін, 2015 жылдың қадірін білмеппіз ғой. Базарға барып зат сатып алғанда жазылатын мына тізімге қараңызшы...Қазір бұл бағалар ертегі...5 келі күріш 700 теңге болған екен, 5 литр сұйық май 1000 теңге. 10 тал жұмыртқаны 480 теңгеге алып мәз болыптық. Қантты айтсаңызшы, бір келісі 160 теңге...Неткен баға десңізші...Қазір қант қанша? 1000 теңгеге дейін жетті. Оның өзін таба алмай қырғын боп жүрміз. Қантқа таласып жаға жыртысатын күйге жеттік. ШУМ: Тура тоқсаныншы жылдардағы тоқырауды еске салатын картина. Күлсең де, жыласаң да болады. Бір жағы қандай жиркенішті, қорқынышты көрініс. Бірақ бұған халық кінәлі емес. Бағаны реттей алмай отырған, осының алдын ала алмаған үкімет кінәлі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов болса бізде қант сияқты көп өнім бойынша импортқа тәуелділік бар. Сондықтан ол қаласыңыз да, қаламасаңыз да қымбаттайды деп қарап отыр. Енді мына бір экспериментке қараңызшы. Таксиге ақшасы жоқ, бірақ бір пәкет қанты бар. Жолақы орнына сонысын беріп таксиге мінбекші. Не болар екен, көріңіз! ВИДЕО: Әй шіркін ай дейсің, өткен отыз жылда ЭКСПО-ға, Ассамблеяға, Діндер құрылтайына, Азияда-Мазияда, түрлі форум-морумға, доп тепкендерге жұмсаған миллиардтарды қант зауытын, өзге де заводтар салуға жұмсағанда ғой. Мұндай бейшара хәлге түспесте едік. Адам түгілі малда

Похожие видео