Тағы бір жер комиссиясы құрыла ма? HD

09.04.2021
Бүгін өздерін оппозиция өкілі ретінде санайтын бір топ азамат «Жер Комиссиясының ішінде қарапайым халықтың жанашырлары жоқ, сондықтан олардың жұмысына көңіліміз толмайды» деп мәлімдеді. Айтуларынша, жер комиссиясындағылардың 80 пайызы шенеуніктер мен жеке шаруалар. Сондықтан «олардың көбі ел күткен ұсыныстарды» айтпайды дейді. Жиналғандар «Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін сатуға мүмкіндік беретін нормаларды да енгізіп жіберуі мүмкін» деп, күдіктеніп отыр. «Жер комиссиясындағы 80 адамның 80 пайызы биліктің айтқанынан шыға алмайды» деген бұл белсенділердің ешбіреуі жер комиссиясына мүше емес. «Комиссия құрылады» дегеннен өтініш білдірген. Алайда: АЙДЫН ЕГЕУБАЕВ, қоғам белсендісі: – Алайда ол министрліктегілер бізге: «Бізге жоғарыдан бекітіліп қойды, жаңағы Президент әкімшілігінен, бақса жақтан бекітіліп қойды сіздер құрамға кірген жоқсыздар, кіре алмайсыздар». Сондықтан «комиссия қайта жасақталсын, әр өңірден, халық ішінен азаматтар мүше болсын» деп отыр. Бұл азаматтардың пікірінше: «Қазіргі Жер комиссияның мүшелері президент әкімшілігі мен Үкіметтің айтқанын ғана орындайды». Сондықтан, «Қазақстан азаматтарына жерді жекеменшікке сатуға» болатын норманы енгізіп жіберуі мүмкін деп алаңдайды. АСХАТ БАЗАРХАНҰЛЫ, қоғам белсендісі: – Бұл комиссия – легитимді емес, халық сайлаған комиссия емес, өзі халықпен әбден санасудан қалды ғой бұл! Бұлар: билік бір бөлек, халық бір бөлек, қайда бара жатыр біздің көш мына? Жер комиссиясының мүшесі Алмазбек Садырбаев та «комиссия мүшелері ел күткен өзгерістерді енгізе алатынына» күмәнмен қарап отыр. АЛМАЗБЕК САДЫРБАЕВ, «SHOPAN ATA Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының» төрағасы, Жер комиссиясының мүшесі: – Экологтар жоқ, белсенділер жоқ деп оның барлығын айттым. Өз ұсынысымды жасадым менің қолымнан келетіні. Менде де үлкен күмән бар. Жер комиссиясының төрағасы – премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. Комиссия құрамында ауыл шаруашылығы министрі, Парламент депутаттары, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы мен әр облыс әкімінің орынбасарлары және түрлі бірлестіктердің, шаруа қожалықтарының иелері бар. «Жерді өз азаматтарымызға да жеке меншікке сатпайық» деп жүрген комиссияның мүшесі Мұхтар Тайжан: «Макс Боқаев пен Талғат Аян да комиссияда болуы керек» деп санайды. АЙБАР ТӨЛЖАНҰЛЫ, тілші: – Жер комиссиясының мүшелерін халық сайлаған жоқ деген белсенділер комиссиядағы әкім орынбасарлары ел жанашыры ретінде ұсыныс айта алмайды, ал шаруалар мен фермерлер тек өз мүддесін ғана ойлайды дейді. Пікірімізге құлақ аспаса наразылықты жалғастыра береміз деген олар енді «әр өңірден қоғам белсенділерінен жасақталған комиссия құруға» бекініп отыр. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7

Похожие видео

Показать еще