Сұмдық! Балабақша балаларын үйге жеткізетен көлік, бір жарым жасар бүлдіршінді сүйреп кеткен HD
Түркістан облысы Шәуілдір ауылындағы балабақшаға кеткен кіп-кішкентай Хан есімді мына бүлдіршіннің аяғы сынып, ауыр халде ауруханаға түскен. Анасының айтуынша, тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі орталыққа таситын жеңіл көлік жүргізушісі балабақша маңында бір жарым жасар баласын сүйреп кеткен. Басынан зақым алып, денесі жырылған бүлдіршіннің сан сүйегі сынған екен. Сорақысы сол, жаны қиналып шырылдаған нәрестенің ауыр жағдайын тәрбиешілер екі сағаттан кейін бізге бір-ақ хабарлады деп күйінеді анасы. Бір жарым жасар Хан Дидарұлы алған жарақатының ауырлығына байланысты Шәуілдірдегі аудандық ауруханадан Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізіліпті. Өйткені бүлдіршіннің сан сүйегіне ауыр ота жасалынуы керек болған. Анасының айтуынша, таңертең күнделікті балабақшаға таситын көлік мекеме маңына жеткен соң, машинадан түскен бүлдіршінді байқамай біраз жерге дейін сүйреп әкеткен. Бірақ бұл оқыс оқиғаны тәрбиеші тек екі сағаттан кейін ғана хабарлады дейді. АЖАР ПЕРНЕБЕК, Ханның анасы: – Барсам балам деген оңбай бет-аузынан жырым, сау жері жоқ қой. Аяғы ісіп кеткен, аяғы сынғаны көрініп тұр, салбырап, істемейді. Басы деген қан-жоса, беті көгерген, әжептәуір жерге сүйреп барған машина жүріп кеткен или машинаның астында қап кеткен. Ажардың айтуынша, балабақша өкілдері құзырлы органдарға шағымданбауды өтініпті. АЖАР ПЕРНЕБЕК, Ханның анасы – "Келісейік те, қанша сұрайсың?" деп откровенно сұрап тұр бізден. Бізге бір тиын керек жоқ, шындықты айтыңдар десем, айтпайды ғой. Әшейін құлаған, әшейін құлаған дей береді болды. Ақымақ көріп тұр ғой бізді. Түрінен көрініп тұр. Әшейін құласа аяқ сынбайды ғой? Жамбас до того темір тығуға дейін келмейді ғой жағдай. Ота жасаған дәрігерлер баланың санына медициналық титан орнатыпты. Енді оны 4 айдан соң қайта алу үшін тағы бір операция күтіп тұр дейді. ҒАЛЫМ БАЙТӨРЕ, Облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы: – Түскен кездегі диагнозы - зачетная травма, закрытый черепной мозговая травма, сотрясение головного мозга, закрытый перелом верхний третьи, левой бедронной кости со смещением. Множество садин лица и туловища. Әзір протоколға сәйкес, шұғыл түрде ота жасалынған. Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілер де аурухана маңында жүр. Бірақ камераны көріп, бірден сырт айналды. ЖАНАТ МҰСАТАЕВА, Түркістан облысы Отырар ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы: – Өз тәрбиешісіне жүгірген кезде тасқа сүрініп құлаған. Соның салдарынан баланың беті мен бас терісі сырылған. Аяғының сан сүйегі сынған. Қазір болған оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі іс қозғапты. Бүлдіршіндерді жеткізіп жүрген көлік арнайы сараптамаға алынған. «Болашақ» мемлекеттік балабақшасында да тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр дейді жауаптылар. Мақсат Жақсыбайұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/
Похожие видео
Показать еще