Рэй бастаған құтқарушылар- Бөлім 8- Масалар - Балаларға арналған дамытатын мульттоптамалар HD

29.11.2019
#Рэйбастағанқұтқарушылар#пожарнаякоманда#масалар Бөлім 8 - Масалар Памп ең мықты өрт сөндіруші болғанын әрдайым мақтан тұтады. Бірде, Эмбимен футбол ойнап жүргенде, Памп әлсізденіп қалады, соған іштей ренжиді. Джун мен Минаны маса шағып алады, Рэй мен Бикон оларға жәндіктердің қауіпті екенін айтады. Питон мен бұзақылар балаларға шабуыл жасау үшін масаларды қолдануды шешеді. Бикон Джун мен Минаны кішірейтеді, осылай олар масалардан қашуға тырысады, сөйтіп Питонның жоспарының күл-талқаны шығады. Рэй мен өрт сөндірушілер есікті ашуға тырысып жатыр, Памп жабық есікті ашуға көп күш салуда, бұл балаларды масалар мен бұзақылардан құтқарады. Мультпланета арнасы "Рэй бастаған құтқарушылар" атты дамытатын жаңа мульттоптаманы ұсынады. Бүкіл отбасыға арналған жарқын фантастикалық анимациялық бөлімдер! Мультоптаманың сипаттамасы: Рэй батыл жас өрт сөндіруші, тобымен бірге балаларды қорғап және жазатайым оқиғалардың алдын алады. Егер қиындықтар туындаса, Рэй және оның сенімді достары Эмби, Рэд, Бикон, Памп, Хэйзел мен Хэликс әрқашан көмектесуге дайын. Бұған қоса, үш ғарыш бұзақысы кішкентай қалашықтың бейбіт өміріне қол сұғып, қиындықтар туғызады. Бірақ Рэй мен өрт сөндірушілер жұмысқа кіріскенде, бәрі жақсылықпен аяқталады! Сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/MC5vOtwXclY Біздің арнаға жазылыңыздар: https://www.youtube.com/channel/UC9S_OcBD0YweWSfgnwk1hOA/

Похожие видео

Показать еще